{metadescription}
Полицейге пара беремін деп басы пәлеге қалды
Полицейге пара беремін деп басы пәлеге қалды

Полицейге пара беремін деп басы пәлеге қалды

Ақтөбеде жол сақшасына екі мың теңге пара бермек болған жүргізуші соттан бір-ақ шықты. Айыппұл төлемеудің айласын іздеген ол енді жарты миллион теңге өтеуі тиіс.  

-Аға, мынау болмайды ғой.

- Кешірім сұрап жатқаным ғой.

Кешірім сұрап,  ақша ұсынған азаматты жол сақшылары белдік тақпағаны үшін ұстап алған. Пара берсем, одан әрі жүре беремін деп ойлаған жүргізуші инспекторға екі мың теңгені ұсынады. Полицей болса мұны алудан бас тартып, көліктегі бейнебақылау камерасына түсіріп алған. Таспаны дәлел ретінде ұсынып, іс соттан бір-ақ шықты. Енді айыппұл ретінде қалтасынан тура 481 мың теңгені санап беруі тиіс.

Расул Медетов, Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

-12 мың теңге айыппұл төлеуге құқығы болды. Және де 7 күн ішінде төлегенде ол 6-ақ мың  теңге болу керек еді. Бірақ өкінішке орай ол азамат өз кінәсін мойындамай, одан жалтарып, басқа жолмен оны шешкісі келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде