{metadescription}
Шенеуніктердің шалалығынан вакцина тапшылығы сезілуде
Шенеуніктердің шалалығынан вакцина тапшылығы сезілуде

Шенеуніктердің шалалығынан вакцина тапшылығы сезілуде

Астана мен Қостанай облысында тұмауға қарсы вакцина жетіспей жатыр. Мамандардың айтуынша, биыл елдің вакцинаға деген сұранысы өте жоғары.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Биыл Қостанай облысы мен Астана қаласы вакцинаны жеткілікті деңгейде сатып алмаған. Қазір Астана қаласы бұл мәселені шешті. Қосымша 50 мың доза әкелініп жатыр. Басқа өңірлерге де қосымша вакцина сатып алуды ұсынып жатырмыз.

Ал Қостанай облысына 100 мың дана доза сатып алу ұсынылса, ондағылар соның 57 мыңын ғана алып үлгеріпті. Оның себебі, бүгінде халықтың вакцинаға деген сұранысы тым жоғары. Бүгінгі таңда 1 миллион 600 мыңнан астам доза ел аймақтарына таратылған. Бас санитардың айтуынша, биыл елімізде тұмаудың «Сингапур», «Мичиган» және «Колорадо» деген үш түрлі штаммы ылаң салмақ. Оның ең қауіптісі «Сингапур ». Өйткені, жұрттың ағзасында оған қарсы иммунитет қалыптаспаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде