Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Депутат "7-20-25" бағдарламасын сынға алды
Енді "7-20-25" бағдарламасы бойынша тек жаңа үйлер ғана емес, ескі пәтерлер де сатылуы мүмкін. Бүгін депутаттар жұртты баспанамен қамтуы тиіс бағдарламаға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды.
Автор: Досжан Маратұлы
10.10.2018
Бахтияр Мәкен, мәжіліс депутаты:
-7-20-25 бағдарламасы толық іске аспай тұр. Өйткені, жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерді о баста үлескерлер сатып алып қойған. Яғни, жаңа кешендерде баспана жеткіліксіз. Әрі таңдау жоқ. Сондықтан пайдалануға берілгеніне үш жылдан аспайтын тұрғын үйлерді де бағдарламаға қосуды сұраймыз.
Яғни депутаттар 2015-жылдан бергі үйлер "7-20-25"-пен сатылатын болса, тұрғындардың қызығушылығы арта түседі дейді. Өйткені, нарықтағы үш жылға дейінгі баспаналардың кез-келгенін сатып алса болады. Ал, қазір "7-20-25" бойынша берілетін үйлер шектеулі болғандықтан бағдарламаға деген жаппай сұраныс жоқ дейді депутаттар. Осы уақытқа дейін шаршы метр алуға небары 1600-ден астам өтішін мақұлданып, 20 миллиард теңгеден астам ипотекалық несие берілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram