Семейде қарлы боранның соңы жаңбырға ұласып жұртты шырғалаңға салып жатыр
Соның салдарынан, травматология бөліміне сынықпен түскендерге лық толды. Бас аяғы үш күннің ішінде ауруханаға 170-ке, жуық адам жеткізілген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
26.11.2018
Дәурен Дүйсенбаев, травмотолог:
-Қолдары сынған, сүйектері орнынан тайғып кеткендер бар. Оларға ота жасалды.
Ауруханаға бір тәуілікте 70 адамға дейін жүгінген. Олардың басым бөлігі көшеде құлап жарақат алғандар екен. Сондай-ақ, дәрігерлер қалада орын алған жол апатынан зардап шекен үш адамға медициналық көмек көрсетіпті. Бүгін осы көктайғақ кесерінен, шаһар мектептеріндегі бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды. Ал, сенбі күні болған қарлы боран кейбір баспаналардың шатырын ұшырып кетіпті. Жергілікті құтқарушылардың мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 17 және кей жерлерде 25 метрді құраған көрінеді. Сондықтан құтқарушылар ауа райы құбылмалы кезде жолға шықпауға кеңес береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары