{metadescription}
Алматыда 3 жекеменшік медициналық мекеме лицензиянынан айрылуы мүмкін
Алматыда 3 жекеменшік медициналық мекеме лицензиянынан айрылуы мүмкін

Алматыда 3 жекеменшік медициналық мекеме лицензиянынан айрылуы мүмкін

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері дауға іліккен жекеменшік емханаларды тексеріп, сотқа шағым түсірді.

Тексеру барысында департамент өкілдері «қағазда бар, іс жүзінде жоқ» медициналық құрылғыларды анықтаған. Тіпті, дертіне шипа іздеп, науқастар жиі баратын мақтаулы клиникаларда хирургиялық қызмет, операциялық бөлімнің жұмысы бір ізге қойылмағанын айтады. Ота алдында науқасты қадағалап, препараттарға аллергияның бар-жоғын тексеру мүлдем қарастырылмаған. Сондай-ақ, үш емхана санитарлық ережелерді өрескел бұзыпты. Ал, өз ісіне жауапсыз қараған дәрігерлер де жазасыз қалмайды дейді мамандар.

Айзат Молдағасимова, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- «Номад», «Москва Люкс», «Сұңқар» медициналық орталықтарында тексеру жүргіздік. Бұл мекемелерде халық ақша төлеп барады. Алайда, емханаларда медициналық талаптар мен ережелер сақталмағаны белгілі болды. Біз өз тарапымыздан сотқа арыз жаздық. Мұндай мекемелер жұмысын тоқтатуы тиіс. Науқастардың ажал құшуына дәрігермен қоса, жалпы медициналық орталықтың сапасыз жұмысы себеп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.