{metadescription}
0:000:00
Ақмола облысында ауруханаға түскен 5 адамның екеуінен күйдіргі анықталды

Ақмола облысында ауруханаға түскен 5 адамның екеуінен күйдіргі анықталды

Күйдіргі жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен 5 адамның екеуінен жұқпалы індет анықталды. Аршалы аудандық ауруханасының дәрігерлері қалған 3 науқастан алынған сынамаларды зерттеп жатыр.  Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын Ақмола облысына қарасты Ольгинка елді мекенінде ірі қарадан алынған сынамалар нәтижесінде алдын ала күйдіргі деген диагноз қойылып, ауылда карантин жарияланған болатын.

Бұл карантин жарияланған Ольгинка ауылы. Елдімекен айналасы түгелдей қоршалулы. Ауылға бөтен адамның кіріп-шығуына қатаң тыйым салынған. Тек тізімде көрсетілгендер ғана қоршаудан әрі өтеді. Оның өзінде үсті басын арнайы дәрімен зарарсыздандырғаннан кейін өтуге рұқсат бар.

Ал ауру жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен 5 адамның біріншісі 12-ші тамызда дәргерілердің көмегіне жүгінген. Қалғандары бірінен соң бірі ауруханаға жеткізіліпті. Науқастардың барлығы ер адам. Үлкені 52-де болса, ең жасы 29-да. Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар малды сою кезінде қолын жарақаттап алған. Сөйтіп, індетті қан арқылы жұқтыруы мүмкін деген болжам бар.

Альбина Анюхина, Аршалы аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Науқастар дене қызуының көтеріліп, теріде жараның пайда болғанын байқағанда дәрігерге қаралған. Олардың барлығында тері аурының белгілері бар. Науқастар 14 күнге дейін біздің бақылауымызда болады. Ауруханадан шыққаннан кейін де күтінуі керек. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Белгілі болғанындай, тұрғындар өз үйінің ауласында ветеринарлық рұқсат құжатынсыз мал сойған. Мамандардың айтуынша, мал иелері ауру белгісін байқаған бойда ірі қарадан құтылудың жолын іздейді екен. Сөйтіп, сиырды сойып, етін сатып жіберуге асығады.

Зәуреш Жұмаділова, ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілі: 

- Біз қауіпті деген еттің 80 пайызын өртеп жібердік. Шамамен 20 пайызы, яғни 10 келідей ет желінді деген болжам бар. Қазір сатып алған адамдарды тауып, шара қолдандық. Ольгинка, Николаевка, Аршалы елдімекендерінде мамандар күніне екі рет тексеріс жүргізіп тұрады.

Мамандардың айтуынша, күйдіргінің ошағы зарарсызданырылған. Ауру малдың өнімі деп күдік тудырған 144 келі ет өртенді. Ал, етті жеген тұрғындар дәрігердің қарауында болады. Бірақ, кеселдің бұл түрі адамнан адамға жұқпайды. Сондықтан күйдіргінің бас қалаға жетіп, тұрғындарға қауіп тудыруы екіталай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде