{metadescription}
Семейде иіс тиіп уланудан алдын ала сақтана бастады
Семейде иіс тиіп уланудан алдын ала сақтана бастады

Семейде иіс тиіп уланудан алдын ала сақтана бастады

Семейде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың үйіне ыстан уланудан сақтайтын автомат қондырғы орнатылып жатыр. Себебі, өткен жылы бұл шаһарда иіс тиіп уланғандардың саны екі есеге артқан. Тіпті олардың қатарында 30 бала бар. Оның екеуі көз жұмыпты.

Бұл қондырғы пештен ыс тараса автоматты түрде іске қосылады. Сондай-ақ, оның дыбысы күшейіп, шырт ұйқыда жатқан адамды оятады.

Жергілікті төтеншеліктер өткен жылы артқан көрсеткішті биыл азайтуға мүмкіндік бар деп отыр. Өйткені мұндай сезімтал қондырғы қазірдің өзінде 60-тан астам үйге орнатылған. Олардың ішінде жалғызбасты қариялар мен мүгедек жандар да бар. Ал мамандар алдағы уақытта дыбыс қондырғысын тағы да 250 баспанаға орнатуды жоспарлап отыр.

Бақытбек Байбуров, Семей қалалық ТЖБ бастығы:

- Қазір бізде тізім бар. Көп балалы аналар, жалғызбасты қариялар және мүгедектер. Оларды тексеріп, саралап газоанализатор датчиктарды орнатамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде