{metadescription}
Ақмола облыстық мәдениет, құжаттамалар басқармасының басшысы парамен ұсталды
Ақмола облыстық мәдениет, құжаттамалар басқармасының басшысы парамен ұсталды

Ақмола облыстық мәдениет, құжаттамалар басқармасының басшысы парамен ұсталды

Тағы да пара. Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы ірі көлемде парамен ұсталды. Ол мәдениет саласында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қитұрқылықтарға барған.

Көкшетаудағы екі бірдей мұражайдың экспонаттарын жаңартып мұрағаттарды жаңғырту жұмысын шенеунік «май-шелпекке» айналдырған. Атқарылған жұмыс актісіне қол қоюға кәсіпкерлерден 15 миллион теңге мөлшерінде пара алған. Параны ол биылғы мамыр-қазан айлары арасында бірнеше бөліп алған екен. Басқарма басшысы кәсіпкерден қалған 5 миллион 700 мың теңгені алып жатып ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Данияр Бегайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі:

- Күдікті қылмыс үстінде ұсталып, Көкшетау полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Күдікке қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сотпен қабылданатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде