{metadescription}
СҚО-да мас күйде қызметтік көлігімен шарбақты соққан ауыл әкімі жұмысынан кетті
СҚО-да мас күйде қызметтік көлігімен шарбақты соққан ауыл әкімі жұмысынан кетті

СҚО-да мас күйде қызметтік көлігімен шарбақты соққан ауыл әкімі жұмысынан кетті

Мәжілісмендер айтқандай, ақшасының аздығына күйінді ме, әлде көптігіне масайрады ма, Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі арақ ішіп, қызметтік көлігімен көшедегі шарбақты соққан. Осы қылығы үшін Якорь ауылдық округінің әкімі қызметімен қош айтысты.

-  Міне, бізде мынау әкім.

- Жап аузыңды.

- Иә, ол міне, менің аузымды жаппақшы. Көлігімен шарбағыма кіріп кетті. Міне, көлігі. Қалай кіріп кетті? Менің шарбағыма қалай кірдіңдер? Түсінсем бұйырмасын. Басқа жол жоқ па, әлде…

Әлеуметтік желіге тараған бұл видео облыс басшысына дейін жеткен. Онда ішімдікке тойып алған Қайырболат Чехманов қоршауға соғылып барып тоқтаған көлігін қыздыра алмай әлек. Әкім қызметтік көлігімен түнгі сағат он кезінде ауыл ішінде құйындатып жүріпті.

Ал бүгін облыстық әкімдік атқамінердің бұл әрекетіне қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, Қайырболат Чехманов апат болар күні қызметінен кетуге өтініш жазыпты. Арада жарты тәулік өткенде қызметтік көлігімен арандаған. Алайда ол неге жұмыстан шығып жатқанын ешкімге түсіндірмеген. Десе де, ың-шыңсыз қызметінен кеткен Қайырболат Чехмановтың орнына аудан әкімі сөгіс алып тынды.

Олжас Ыдырысов, СҚО әкімінің аппарат басшысы:

- Ауыл әкімі қызметінен босатылды. Ол ерсі қылығымен жергілікті биліктің атына кір келтірді. Сондықтан облыс әкімі өз қызметін дұрыс атқармағаны және қызметкерлерге бақылау жасай алмағаны үшін Қызылжар ауданының әкіміне сөгіс жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.