{metadescription}
Басшылардың жауапкершілігі заңмен тұңғыш рет белгіленді 
Басшылардың жауапкершілігі заңмен тұңғыш рет белгіленді 

Басшылардың жауапкершілігі заңмен тұңғыш рет белгіленді 

Қол астындағы қызметкері жемқорлық дауына іліккен жағдайда бірінші басшы қызметтен кетеді! Осындай өзгерту енгізілген заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.    

Бүгіннен бастап құлқынның қамын ойлаған қызметкері үшін бірінші басшы басымен жауап береді. Жаңа құжатқа сәйкес, әкімдер мен министрлер бірінші кезекте отставкаға кетеді. Бірақ, бірден емес. Істі болған қызметкеріне қатысты сот үкімі шыққан соң. Бұл вице-министрлер мен әкім орынбасарларына да қатысты. Департамент директорлары мен басқарма басшылары бірінші тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Алайда қол астындағы қызметкерлері пара алуын доғармаса, жылы орнын босатады.

Айта кету керек, бірінші басшыларға қатысты мұндай жаза бұрын-соңды заңда болмаған.   

Олжас Бектенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

- Тәуелсіз Қазақстанның тарихында басшылардың жауапкершілігі заңмен тұңғыш мәрте белгіленіп отыр. Бұл норма Заңға президенттің тікелей тапсырысымен енгізілді. Осылай біз басшыларды сыбайлас жетқорлықпен күресуге міндеттейміз. Бұл мемлекеттік деңгейде ауқымды күрес болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде