Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда кәріз қалдықтары көше бойына төгіле бастады
Аулаға төгіп, ауаны ластап жатыр. Нұр-Сұлтанда ассенизатор жүргізушілері кәріз қалдығын арнайы құдыққа емес, көше бойына төге бастады. Нәжіс суын тасып нәпақа табатын 80-ге жуық жүргізуші бұған тарифтің «екі есеге қымбаттағаны себеп» дейді. Ал қызмет құны «өзгермеді» деген жауапты мекеме ережені елемейтін жүргізушілердің өзін кінәлап отыр.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
10.01.2020
Нұр-Сұлтанда 80-ге жуық ассенизатор жүргізушісі жұмыс істеуден бас тартты. Олар арнайы құдыққа кәріз қалдығын төгуге емес, талабын жеткізуге жиналды. Наразы топ лас су төгетін орын жекенің қолына өткелі, тариф құны құбылып шыға келді деп күйінеді.
Дархан Серіков, ассенизатор жүргізушісі:
- Газ53-тер 400500 теңге төлейтін, қазір 1070,1020 теңге төлеп жатыр. Зилдар 1500 теңге төлеп жатыр. Жанармайымыз бар, сайманымыз, анаумынауымыз бар дегендей, сөздің қықасы, бүкіл НұрСұлтанда су тартылмай жатыр. Өйткені мына жерге қалтамыз көтермейді.
Қымбат тарифке қарсы шыққандар нәжіс суын қаладағы аула, арықтарға төгіп, ауаны ластап жатқанын жасырмайды. Мұндай қадамға олар амалдың жоқтығынан барғанын айтады. Өйткені кәріз қалдығын тасып нәпақа табу күннен-күнге қиындай түскен.
Өмірзақ Арқабаев, ассенизатор жүргізушісі:
- Бізге де ұят, көшеге төге берген. Астананың жартысы сасып жатыр. Не үшін сасиды? Баға қымбат болған соң, сонда апарып төгеміз. Басымызді тігіп. Балашағамызды асырауымыз керек. Күнкөріс керек.
Алайда бұл келеңсіздіктің зардабын қарапайым қараша тартып отыр. Жер үйлердің кәріз құдықтары толып, лас су көше жайлаған. Ассенизаторларды күтіп шаршаған елордалықтар «тынысымыз тарылып, қолаңса иіске тұншығып отырмыз» дейді.
Абдолла Темірболат, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Жағдайды түсініп отырмыз. Бірақ көпке дейін осылай шыдап отыра алмаймыз ғой. Бұны бірдеме қылып шешу керек. Суды тоқтаттық. Басқа амал жоқ. Үйде су жоқ, не жоқ. Әжетханаға бара алмай, сасып бытшыт болып жатыр.
Ал «Астана су арнасының» өкілдері жүргізушілердің шағымы «негізсіз» деп отыр. Себебі, монополияға қарсы комитет бекіткен тариф төрт жылдан бері өзгермепті. Яғни, олар әр кубқа 203 теңге төлеуі тиіс. «Ақшаға құныққан ассенизатор жүргізушілері жүгенсіз кеткен», - дейді жауапты мекеме өкілдері.
Назгүл Тәліпова, «Астана су арнасы» МКК баспасөз орталығының басшысы:
- Олар күніне шамамен 15 рейс жасайды. Жүргізушілер бізбен келісімшартқа отырғандықтан, ырымын жасап, бір рет арнайы орынға барып төгеді. Қалған кәріз қалдығын қалаған жерлеріне тегін төгіп жүр. Бұл деген барып тұрған бассыздық. Біз түсіріп алған видеолар да жетерлік. Сондықтан ассенизатор жүргізушілері құр байбалам салмасын.
Енді «Астана су арнасы» қала сыртына лас су төгетін жүргізушілерге «аяушылық болмайды» дейді. Ережені елемейтіндер жаппай айыппұл арқалап, олармен келісімшартты да бұзбақ. Ал жүргізушілер тариф арзандамаса алған бетімізден қайтпаймыз деп тарқасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram