Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды
Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген.
Автор: Мақсат Мәлік
23.01.2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара қылды қақ жаруы тиіс судьяның тұтылған сәті жазылған. Құзырлы орган қызметкерлері сот төрағасының қалтасынан бірнеше дана АҚШ долларын шығарып, санап жатыр. Күдікті қарызы бар азаматқа шекара асуға септігін тиігізіп, оған санкция бергені үшін ауызбастырық алыпты. Судья өзінің жымысқы әрекетін сот отырысының хатшысы арқылы жүзеге асырған көрінеді.
Алтынбек Баянов Бостандық аудандық сотының төрағасы қызметін 2015 жылдан бастап атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram