Ақтүтек боран: Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан репортаж
Ақтүтек боранның кесірінен еліміздің біраз бөлігінде де жол жабылып, мектептерде сабақ тоқтатылды. Үш күннен бері толассыз жауған қарлы бұрқасын тұрғындарды әбігерге салуда.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.01.2020
Павлодар оаблысында дауылдан мейрамхананың шатыры жұлынып кеткен. Бірнеше көлік соның астында қалыпты. Бірнеше ауданда электр сымы үзіліп, тұрғындар жарықсыз отыр.
Ақтөбе облысында ақтүтек бораннан жолда қалған жүздеген жолаушы мен ондаған көлік қар құрсауынан құтқарылды. Шалқар ауданында үш күн бұрын жоғалып кеткен екі тұрғынды айдаладан тапқан. Олар дін аман үйіне жеткізілді.
Қарағандылықтар боранға байланысты аймақта төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр. Қалың жауған қардан ауыл-аймақ түгілі, облыс орталығында көлік қозғалысы қиындаған. Комуналшылар орталық даңғылдарды тазартып үлгермей жатыр. Омбы қардың кесірінен автобус жүргізушілерінің де қала ішінде жолға шыққысы жоқ. Бұл аймақта боран басталғалы 300-ден астам жолаушы мен 100-деген көлік қар құрсауынан құтқарылған. Осындай ауа райы тағы бірер күн тұрады.
Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазір әлі ауа райының қиындығы сақталуда. «Қазгидрометтің» айтуымен, боран бүгін-ертең сақталады. Ертең мүмкін жақсарады деген болжам бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!