{metadescription}
0:000:00
Құдай сақтасын! Түрме аралаған дәрігерлер тәубасына келді – Шымкент

Құдай сақтасын! Түрме аралаған дәрігерлер тәубасына келді – Шымкент

Шымкенттің жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері түрмеге енді дәрігерлерді жаппай жетеледі. Ұлттық бюродағылар осыдан бұрын шенеуніктерді  бір шошытып алған. Ал жиі кездесуге түрме басшылығы да үйренгендей.

Асқар Көпеев, Тергеу изоляторы бастығының орынбасары:

- Келген кезде, біздің қызыл қақпа шиқылдап ашылған кезден бастап көзіне қарасаң, бұл кісілерде қорқыныш сезімі пайда болады. Мен соны байқап отырмын. Алдындағы топтан да байқадым, келген бұл топтан да байқадым. Қорқыныш сезімі бар.

Шымкенттегі 30-дан аса медициналық мекеменің бас дәрігерлері, аға  медбикелері мен басқарма қызметкерлері, жалпы саны 90 адамды түрмеге үш бөліп кіргізді. Үрпиген дәрігерлер түрменің ұзын дәлізімен жүріп отырып, камераларға кіріп көрді. Абақтыдағы адам емдейтін санитарлық бөлімге де жетелеген. Бірақ изоляторға еті үйренбеген олар кіре сала, шығуға асықты. Абақтыда қазір үкімін күтіп отырған 500-ге жуық адамның арасында дәрігерлер жоқ екен. Қалай болса да, Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы бұл акцияны дәрігерлерге пайдалы деп санайды.

Тимур Варзилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Әрине, бұл жерден бостандық жақсы. Сондықтан, адал жұмыс істеуіміз керек. Өзімде қорқыныш болмады. Бірақ ұнады деп те айта алмаймын. Және жаңа ішінде жүргенде әріптестерімнің «Құдай сақтасын» деген сөздерін көп естідім. Мына жерді көзбен көрген соң, пара ретінде ұсынып жатса, ақшадан да безінері сөзсіз. Ешқандай ақша бостандыққа жетпейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.