{metadescription}
0:000:00
Тықыр таяды! Министрлер шығынды қысқартудың қамына шұғыл кірісті  

Тықыр таяды! Министрлер шығынды қысқартудың қамына шұғыл кірісті  

12 триллионның тағдыры не болмақ? Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Үкімет биылғы бюджет шығынын қысқартуға кірісті. Өйткені осыған дейін 30 миллиард теңге қажеті шамалы шараларға жұмсалайын деп тұрған жерінен қазынамызда қалдырылған. Мемлекеттің миллиардтары мағынасыз жиындарға жұмсалса, министрлерге оңай тимесі белгілі. Сондықтан шығынды қалай қысқартудың шұғыл қамына кіріскен.

Желге ұшпай қалған ақшаның көлемін қараңыз: биыл жағалылардың мән-мағынасыз жиыны мен шенеуніктер шіреніп отыратын қымбат кресло сатып алуға жұмсалайын деп тұрған жерінен 30 миллиард теңге үнемделген. Бірақ Тоқаев тағы үнемдеуді тапсырды.

Министрлер мен әкімдерге «мерседес» мінуді қойыңдар деген Елбасының ескертуі алғаш 2012 жылы айтылған. Алайда S-класс мінбесе, жаны жай таппайтын шенеуніктерге бұл тапсырма қиынға соқты. «Ана шендіден қай жерім кем» деген іштей бәсекелестік тағы бар. Жағдай өзгермеген соң, Тоқаев қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға, мән-мағынасы төмен, бірақ шығыны шаш-етектен келетін жиын өткізуге ұзақ мерзімді мораторий жариялады. Тіпті биыл Дубайда өтетін ЭКСПО-ға бөлінген 9 миллиард теңге де қайта қаралуы мүмкін.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі: 

- Осы және өзге де мәселелерді комиссияда қарастырамыз. Оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісі дәлелдеу керек, бұл жағдайда Сауда және интеграция министрлігі. Егер комиссияда оның тиімділігін дәлелдей алмаса, кететін шығынды қайта түзетеміз.

Тоқаевтың тапсырмасы қатаң тиді, мемлекеттің ақшасын текке шашпас үшін екінші деңгейлі банктерді сауықтыруға да бюджет қаржысы жұмсалмайтын болды. Қоржындағы қаражатын нарықта тиімді айналдыра алмаған банктерге бюджеттің көмекке келіп жатқаны бірінші рет емес. Экономика сарапшылары да мұны қолдамайды.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы:

Банк секторын қалыпқа келтіру бюджет қаражатын пайдаланбай, нарықтық жағдайларда провизиялар мен капиталдың жеткілікті қорын құру арқылы жалғасады. Тиісті тәсілдер осы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін әзірленеді.

Шығынды азайту деген тек министрліктер мен әкімдіктердің ақшасы емес, квазисекторға да қатысты. Мысалы «Бәйтерек» холдингінің құрамында 63 ұйым бар. Қызметкерлері үш мыңдай. Холдингтің құр әкімшілік шығындарына жылына 54 миллиард теңге жұмсалады да, оның 24 миллиарды тек жалақыға кетеді екен. Енді оларға да тықыр таяды.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

- Холдингтердің басқармалары өз шығыстарына талдау жасап, директорлар кеңестеріне тиісті ұсыныс енгізу қажет. Соның ішінде «Бәйтерек» те бар, басқалары да бар.

Үкімет мүшелерінің екі апта уақыты бар. Осы уақыт аралығында министрліктер, әкімдіктер, ұлттық компаниялар – барлығы шығынды қысқарту туралы ұсыныс беруі тиіс. Сөйтіп биылғы бюджет шығыны екінші рет қысқаруы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде