{metadescription}
Қалаға ары-бері өтіп жүргендер енді дронмен қолға түседі   
Қалаға ары-бері өтіп жүргендер енді дронмен қолға түседі   

Қалаға ары-бері өтіп жүргендер енді дронмен қолға түседі   

Блок-бекеттерді биіктен бақылайды. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы қоршауларды әкерилер енді әуеден қадағаламақ. Өйткені карантин режимін бұзып, шаһарды заңсыз айналып өтетіндер әлі күнге дейін азаяр емес.Сондықтан Қорғаныс министрлігі ережені елемей қалаға арлы-берлі өтіп жүргендерді дронның көмегімен қолға түсіреміз деп отыр. Ұшқышсыз ұшатын аппарат тәртіп бұзатындарға тосқауыл бола ала ма?

Бүгіннен бастап әскерилер Алматының айналасына қойылған блок-бекеттерді дронның көмегімен әуеден бақылайтын болады. Басты мақсат – карантинге жабылған қалаға заңсыз кіріп-шығатындарды дер кезінде қолға түсіру және ашық қалған өткелдерді толығымен жабу. Енді көп созбай дронды аспанға ұшырып, қаланың қауіпсіздігін көрейік.

Ұшқышсыз ұшу аппаратының әуеде үш сағаттай қалықтап, 40 шақырымды еңсеретін қауқары бар. Биіктен фото-видео түсіретін құрылғыны төменде сарбаздар осылай басқарып, бірден мониторинг жүргізеді. Ал көктен жиналған бейнекөріністер полицияның жұмысын одан әрі жеңілдетпек.

Дархан Күдерин, ұшқышсыз ұшу аппаратының штурманы:

- Бұл аппарат биіктіктен барлау жүргізіп, заң бұзушылықтарды талдап, жедел штабқа қоңырау соққанда, заң бұзғандарды табуы тиіс. Күніне аппарат орташа санағанда екі рет ұшады. Бұл аппараттың түнде ұшатын мүмкіндігі бар. Түнде термо-оптикалық бейнежазба түсіретін камерасы бар. Камера қара және ақ бейнелерді көрсете алады.  

Шаһардың шыға берісіндегі блок-бекеттерді әуеден бақылайтын дрон дәл осындай жауын-шашын және бұлтты күндері көкке көтеріле алмайды. Сондықтан қулығына құрық бойламайтындар ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, карантин тәртібін бұзуы да мүмкін. Қорғаныс министріндегілердің бұл бастамасы ережені елемейтіндерге тосқауыл бола ала ма, ол жағы енді уақыт еншісінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде