{metadescription}
Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтіп, полицейдің аяғын сындырды 
Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтіп, полицейдің аяғын сындырды 

Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті бұзып өтіп, полицейдің аяғын сындырды 

Бақылау әуеден жасалып жатқанда жердегі тентектердің бірі Алматыдағы блок-бекетті бұза жарып өтті. Көлігімен жылдамдықты шамадан тыс асырған ол полицияның машинасына соғылып барып бір-ақ тоқтаған. Соның салдарынан бір тәртіп сақшысы зардап шекті. 

Оқыс оқиға Алатау ауданындағы №4 бақылау-өткізу бекетінде болған. Жүйткіген «Тойота Ипсум» сол жердегі металл турникетті бұзып өтеді. Жүгенсіз жүргізуші бұдан кейін де қозғалысты жалғастырып, тоқтап тұрған «Киа» маркалы полиция көлігіне соғылған. Бұдан соң жол шетіндегі тағы екі машинаға барып ұрылады. Қызметтік көлікте отырған бір полицей зардап шеккен. Екі аяғы да сыныпты. Ал тізгіндегі тентек 50-ді еңсерген азамат екен. Алматы облысы Көксай ауылының тұрғыны. Ел ағасы болатын жасқа жеткен ол «араққа сылқия тойып алған» дейді полицейлер. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде