Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда Covid-19 тексеру құрылғысы шығарылды
Коронавирус бар-жоғын анықтайтын отандық тест! Алматыда аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының базасында жұмыс істейтін орталық референттік зертхана ғалымдары Covid-19-ды тексеру құрылғысын құрастырып шығарды. Оның көмегімен 5-6 сағаттың ішінде сынаманың дәл қорытындысын алуға болады. Жылдамдығы мен сезімталдығы жағынан шетелдік тест құрылғыларынан кем түспейді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
03.04.2020
Бұл жерге екінің бірі кіре алмайды. Аумақ ерекше қорғалады. Себебі, ғимараттың ішінде аса қауіпті жұқпалы індеттер анықталып, оның құрамы жіті зерттеледі. Орталық референттік зертханадағы жұмыс қазір қыза түскен. Мұндағы ғалымдар басқа вирустарды былай қойып, дәл қазір күллі әлемге қауіп төндірген коронавирусқа сараптама жасауда. Отандық диагностикалық жүйені де әзірлепті.
Орталық ғалымдары бір айдың ішінде Covid-19-ды анықтайтын жаңа тест жиынтығын құрастырған. Оның көмегімен 5-6 сағаттың ішінде сынаманың дәл қорытындысын алуға болады. Әзірге құрылғы қолданысқа енбеген. Тиісті сертификат алған соң, ол ел аумағындағы барлық диагностикалық зертханаларға жіберілмек.
Тоқтасын Ерубаев, Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы бас директорының міндетін атқарушы:
- Бізде ресейлік және еуропалық тест бар, Қытай республикасынан келген тесттер бар. Біздің тест олардан өзінің сезімталдығы жағынан бірдей. Бұл жер Қазақстанның үлкен ғалымдарының жиналған жері. Қазақстан ғалымдарының да қолынан келеді, жасай алатынымызды біз де дәлелдедік.
Ғалымдар осыған дейін коронавирусқа қатысты 2 мыңнан аса науқастан алынған сынаманы зерттеген.
Референттік зертхана аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының базасында жұмыс істейді. Мекеме Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім аясында тұрғызылған. Нысан Қазақстанның меншігінде. Қазір оны еліміздің денсаулық сақтау, ауыл шарашылығы, білім және ғылым министрліктері бірлесіп пайдалануда. Зертхананың бір ғана мақсаты – елдегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Тоқтасын Ерубаев, Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы бас директорының міндетін атқарушы:
- Орталық референс-лабораторияда тек қана Қазақстанның мамандары жұмыс істейді. Басында америкалық мамандар инженер дайындауға, маман дайындауға көмее көрсетті. Бүкіл Қазақстандағы аса қауіпті аурулардың зерттеулерінің барлығы осында жүргізіледі. Мұндай зертхана Орталық Азияда жоқ.
Аса қауіпті патогендер халықаралық стандарттарға сәйкес сақталады. Себебі, мекеме озық заманауи технологиялармен жабдықталған. Зертхана қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге де өз үлестерін қосуға тырысуда. Індетке қарсы тұратын дәрі-дәрмек жасау өте күрделі болғандықтан, бұл бағытта қазір бірнеше орталық жұмыла жұмыс істеп жатыр. «Эврикаға жетуге ұзақ уақыт қажет», - дейді ғалымдар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram