Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде ата-аналар мектеп техникасын басыбайлы беруді талап етуде
Компьютерді уақытша қолдануға қарсы шықты. Ақтөбеде бір топ ата-ана қашықтан оқитын балаларына қажетті техникаларды басыбайлы беруді талап етіп, облыстық әкімдіктің алдында айқайға басты. Себебі, мектептен берілетін компьютер мен ноутбуктерді сындырып алсақ, қарызға батамыз деп қорқады. Шенеуніктер: «Мемлекет мүлкін оңды-солды тегін тарата алмаймыз» - деп, бір-ақ кесті. Тараптарды тілшіміз тыңдап келді.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.08.2020
Таң атқаннан көп балалы аналар облыстық әкімдік ғимаратының алдына жиналды. Барлығы жаңа оқу жылында қашықтан оқитын ұл-қызының қамымен жүр. Талаптарын ең алдымен аймақ басшысы Оңдасын Оразалинге айтпақ болып келген.Әкімнің өзі шықпай, аналармен кездесуге орынбасары мен басқарма басшыларын жіберді. Наразы топ Оразалинді күткеннен түк шықпасын білген соң, бар талаьын соларға жеткізді. Көпбалалы аналар қашықтан оқытуға техникаларды оқушыларға басыбайлы берсін деп отыр. Мектептен уақытша берген мүлік сынып қалса, ертеңгі күні қарызға батамыз деп қорқады.
Гүлзинат Әуезова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Компьютер немесе ноутбук сол балада қалатындай қылу керек. Үйімде мүгедек бала бар. Ол жүгіріп барады да, бір жерін шұқып кетеді. Бірдемесі үзіліп қалса, ертең мен зейнетақымен күн көріп отырғанда мектепке компьютер тиісті боламын ба?
Шенеуніктер мемлекет мүлкін оңды-солды тегін тарата алмаймыз деп отыр. «Қашықтан оқыту үшін оқушыға берілген техника бұзылып қалса, өзіміз оңдап беруге әзірміз» - деп сөз береді.
Ләззат Оразбаева, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы:
- Бұзылып қалған жағдайда енді мектепте жөндейтін мамандар бар. Оңдау жағын қарастырады. Сондықтан оған ата-аналардың қорқуының керегі жоқ. Бұл мектептің мүлкі. Ол кейін мектепке міндетті түрде қайтарылатын болады.
Ақтөбе облысы бойынша оқушыларға қашықтан оқытуға 12 жарым мың копьютер мен ноутбук таратылған. Енді қалғанын қыркүйектің онынан соң жеткіземіз деп отыр. Бірақ мұны басыбайлы иемденуден аналар еш үміттенбесін дейді шенеуніктер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram