Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтан: Онлайн сабаққа порно-видео қосылып кеткен
«ЗУМ»-дағы зина! Ел астанасындағы алғашқы оқу күнінде онлайн сабақтың шырқы қашты. Әлдебіреулер порно-видеоны онлайн сабақ барысына қосып жіберген. Бесінші сынып оқушылары сабақ өтіп жатқанда әлгі сорақы дүние көз алдарынан шыға келіпті. Қазір бұл масқараға кінәлілерді полиция іздеп жатыр. Ал сарапшылар бұл келеңсіздікті онлайн оқыту платформасына деген жауапсыздықтың кесірі деп отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
04.09.2020
Бұл бесінші сыныптың математикадан онлайн сабағындағы келеңсіздік. Сандардың әлемінде отырған оқушылар мен ұстаздың шырқын порно-видео бұзды. Арасында даңғаза музыка бақырып, боқауыз сөз де айқайлап тұр.
- Айтарға сөзім жоқ. Бұл ұятсыздық zoom қосымшасының сапасы мен деңгейін көрсетіп берді емес пе?! Кеше де балалар қаннен-қаперсіз онлайн сабақ оқып отырғандарында түк қатысы жоқ адамдар қосылып кетіп, бейпіл сөз жаудырып жатты. Неліктен әлі күнге онлайн оқытудың сапалы платформасы жасақталмаған?
Елімізде күні кеше 2 миллионға жуық сабақ өтсе, соның 80 мыңдайы онлайн қалыпта ұйымдастырылған. Министрліктің айтуынша, ұятсыз видео өтіп кеткен онлайн сабақтың сілтемесін оқушылардың бірі жариялап қойған. Онлайнды ойыншық көрген оқушылармен ата-аналары түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Білім министрлігі осылай деп отыр. Бірақ, ІТ қауіпсіздіктің мамандары киберпедагогикадағы шикілікпен қазірден айналысуға шақырады.
Олжас Сәтиев, Кибершабуылдарды сараптау және зерттеу орталығының президенті:
- Онлайн-әжуа бүгінгі интернет желілерінде кеңінен таралған. Желіде жүгенсіздік жасайтындар кез келген онлайн сабаққа қосыла салып, ойына келген заттарын көрсете береді. Мұндай келеңсіздікті болдырмау үшін оқыту платформасын ауыстыру керек. Әр оқушы өз атынан құпия сөзді енгізіп кіретін болса, қауіпсіздікті арттыруға болады.
Болары болып, бояуы сіңгенімен, мұндай затсыздық әлі де қайталануы әбден мүмкін. Өйткені, ТМД көлеміндегі оқушылардың әлеуметтік желілердегі ортақ чаты бар. Бұл жерге олар өздерінің онлайн сабақтарының сілтемелерін жіберіп, қашықтан әжуа жасайтындарға тапсырыс береді екен. Соған қарағанда, игерілмеген киберпедагогиканың кілтипаны әлі көп.
Бағлан Сматаева, Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Бүгінде әр мектепте информациялық технологияларға жауап беретін директордың орынбасарлары бар. Олар информатика пәнінің арнайы мамандары. Бұл келеңсіздік барлығымызды күйзелтіп тастады. Негізінде зум қосымшасымен жұмыс істемейтінбіз. Бірінші күні барлығында логин мен құпия сөздері болмаған соң, осы қосымшаға жүгінген болар.
Шырқы қашқан сабаққа қатысты істі Ішкі істер министрлігі қарауына алды. Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл істің нүктесі қойылар, бірақ әр сабақтың кибер қауіпсіздігіне жауап беретін мамандарды мектептер қайдан алмақ? Бұған әзірге жауап жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram