{metadescription}
Пәтерді казиноға айналдырған келіншек айыппұлмен құтылды – Шымкент 
Пәтерді казиноға айналдырған келіншек айыппұлмен құтылды – Шымкент 

Пәтерді казиноға айналдырған келіншек айыппұлмен құтылды – Шымкент 

Шымкентте пәтерді казиноға айналдырған келіншек жеңіл жазамен құтылды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 31 жастағы әйел небәрі 505 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Себебі сотталушы екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана екен.

Базарда сатушы болып істейтін 31 жастағы Өзбекстанның тумасы  көпқабатты үйлердің бірінен екі бөлмелі пәтер жалдаған. Сосын ішіне покер үстелін қойып, ойын карталары мен казино фишкілерін әкеліпті. Сөйтіп алғашқы клиенттерін қабылдап жатқан кезде экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері сау етіп кіріп келген. Жедел топ казиноға кіргенде дилер болып істейтін қос бойжеткен үстел үстіндегі 300 мың теңгені әжетханаға ағызып жіберген. Сған қарамастан дилерлер мен құмар ойынға құмартқан азаматтар ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ.

Қанат Мылтықбаев, Абай аудандық сотының судьясы:

- Ұстау кезінде аталған пәтерде бұл кісіден бөлек, яғни ойын ойнаған 6-7 адам анықталған. Дилер қызметін көрсеткен 2 әйел ұсталған. Олар істе куәгер болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.