{metadescription}
Ақтаулық ата-аналар қымбат балабақша ақысына наразы
Ақтаулық ата-аналар қымбат балабақша ақысына наразы

Ақтаулық ата-аналар қымбат балабақша ақысына наразы

Ақтаулық ата-аналар балабақша ақысының қымбаттауына қарсы шықты. Қаладағы «Өркен» бөбекжайының басшылары ай сайынғы төлемді 25 мың теңгеге бір-ақ көтеріп жіберген. «Бағасы қымбат болғанымен, тамағы талапқа сай келмейді» - дейді жиналғандар.

Салтанат Танабаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Үлкен балам тамақты таңдап жейді. Көбінесе тамағы маған ұнамайды деп келеді. Менің екі балам да балабақшаға барады. Жалпы қарсымыз. 25 мыңды қалтамыз көтермейді. Төрт мың теңге қосып жіберген, олай болмайды ғой. 

Бұған дейін әр балаға 21 мың теңге төлеп келген отбасылар: «Төрт мыңның өзі қалтамызға қосымша салмақ салады» - дейді. Өйткені балабақшаға кейбірінің екі-үш  баласы барады екен. Ал басшылық «бағаны қымбатсынсаңдар, басқа жерге барыңдар» деп шорт кесіпті. Ата-аналарды ашындырған «Өркен» балабақшасы жыл сайын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында субсидия алады. Былтыр әр балаға 28 мың теңгеден төленсе, биыл бұл сома 37 мың теңгеге дейін көбейген. Бірақ бұл қаржы тәрбиешілердің жалақысынан жұмсалады екен. Ал  ата-аналар 15 мың теңге тамаққа және қосымша үйірмелерге төлейді. «Баға сол себептен қымбаттап отыр», - дейді білім бөліміндегілер.

Светлана Төлебаева, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы:

-Егер ата-ана келіспеген жағдайда, тағы да қайталап айтамын, егер қосымша білім бізге қажет емес деген жағдайда, алмауына да болады. Ол ата-ананың өзінің құқы. Бұл балабақша алдын ала ескерту жасап жатыр. Қаңтар айында бұрынғы төлеммен төленеді деп отыр балабақшаның директоры.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.