{metadescription}
0:000:00
Жайылған мал арыққа түсіп қырылып жатыр – Түркістан облысы

Жайылған мал арыққа түсіп қырылып жатыр – Түркістан облысы

Түркістан облысында төрт түлік қырылып жатыр. Себебі, Арыс қаласындағы ірі жер иеленушілер жалға алған телімдерін мал жүрмесін деп қазып тастаған. Бірнеше күн бұрын болған боранда жайылып жүрген жылқы мен сиырлар ық іздеп, сол арыққа түсіп өліпті. Барынан айырылған малшылар өлекселерді қар астынан аршып алып жатыр.

-Сол құлағы артынан, оң құлағы алдынан. Шұңқырға түсіп шыға алмай қалған. Сағат 2-ден асты, екіншісін шығарып жатырмыз. Жаңа біреуін шығардық.

Бораннан кейін малын таппай қалған тұрғындар иен даланы жоқ іздеп шарлап шыққан. Сөйтсе, жылқы мен ірі қара арыққа түсіп өліпті. Қар астынан шалажансар күйі шығып жатқан малда сан  жоқ дейді. Төрт түлікпен күн көрген жұрт шығынды кімнен дауларын білмей дал.

Арысқа қарасты Монтайтас ауылында жайылым жер жоқтың қасы. Кезінде үлеске берілген жерді егін саламыз деп кәсіпкерлер жалға алған. Бірақ ештеме егілмейтін алқаптарға тұяқ тимесін деп, тереңдігі бір метрден асатын арық қазып тастаған. Ірі қара қыс түгілі, көктем мен жазда да осы орға жығылып арам қатады екен. «Мал ашуы – жан ашуы» деген жұрт бүгін ауыл әкімінен кәсіпкерлерге шара қолдануды талап етті. Алайда Монтайтас ауылының басшысы игерілмеген жерлердің тізімін жылда ауданға жібереміз, бірақ одан еш нәтиже жоқ деп қол қусырып отыр.

Тоқберген Баекеев, Монтайтас ауылдық округінің әкімі:

-Былтырдан айыппұл мәселесі. қарастырып жатыр. Бірақ енді анау мораторий неге байланысты, қазіргі жағдайда не тексеріс ... несін ...  неғылған жоқ олар.

-Тексеріс болды ма? Биыл бересіз бе?

-Беремін.

    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде