{metadescription}
Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған – Атырау облысы
Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған – Атырау облысы

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған – Атырау облысы

Атырау облысында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған. Жәшікке салынған нәрестенің өлі денесін тәртіп сақшылары жас босанған әйелдің үйінің маңынан тауып алды. Безбүйрек ана мұндай қадамға неге барғанын түсіндіре алмады.

Оқиға облыс орталығынан 250 шақырым жердегі Сағыз ауылында болған. Қаны тоқтамаған келіншекке көмекке келген жәдел жәрдем қызметкерлері оның жас босанғанын анықтайды. Бірақ үйден шақалақты  таппаған. Дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп іздеуге кіріседі. Үй маңын тінткен кезде қоқыста жатқан нәрестенің өлі денесі табылған. 35 жастағы келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар. Бірақ бұл жолы жүктілігін жасырып, дәрігердің есебіне тұрмаған екен. Қазір безбүйрек ананың үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеліп жатыр.

Досбол Бағытжанов, Қызылқоға ауданының прокуроры:

-Гинекологтар қарап, жас босанғанын анықтады. Келесі күні баланы берген жоқ. Нәрестені іздегенде өзінің тұрғылықты жерінен 100 метр жерде  қоқыс жәшігінен сәбидің өлі денесі табылды.  Әйел үйінің дәретханасында босанған. Баланы қарап, оның толыққанды, биологиялық дамыған бала екені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.