{metadescription}
Оқушымен жыныстық қатынасқа түскен имам қамауға алынды – Қарағанды облысы
Оқушымен жыныстық қатынасқа түскен имам қамауға алынды – Қарағанды облысы

Оқушымен жыныстық қатынасқа түскен имам қамауға алынды – Қарағанды облысы

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ауыл имамы қамауға алынды. Тергеу мәліметінше ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады.

Айтуға ауыз бармайтын жағдай облыс орталығынан шалғайдағы ауылда болыпты. Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңімесінен тараған. Тіпті мектеп оқушысы имамнан жүкті болып, жасанды түсік те жасағаны туралы сөз желдей ескен. Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полицейлер оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғады. Қаршадай қызға жыныстық қылмыс жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған. Ал мүфтияттың айтуынша, күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмапты. Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырып алған.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

-Аталған хабарламаға сәйкес, ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.