{metadescription}
Фельдшерлер мен жүргізушілер әлі күнге дейін үстемақы алмаған – ШҚО
Фельдшерлер мен жүргізушілер әлі күнге дейін үстемақы алмаған – ШҚО

Фельдшерлер мен жүргізушілер әлі күнге дейін үстемақы алмаған – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында фельдшерлер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері үстемақысын әлі күнге дейін ала алмай жүр. Карантин кезінде алғы шепте жұмыс істеген ақ халаттылар қажет құжаттарын тапсырғанымен, есеп-қисап дұрыс жасалмапты.

Соның салдарынан төленуі тиіс қаржы қолға толық тимеді дейді. Енді маңдай тер еңбегін даулап сотқа жүгінбекші.  

Өскеменде жедел жәрдем қызметінде 300-ге жуық дәрігер жұмыс істейді. Олар карантинде жұмыс істегені үшін төленетін үстемақысын толық алмадық дейді. Ақ халаттылар бұған өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының мамандарын жазғыруда. Айтуларынша, күн-түн демей еңбектенген уақыттары есеп-қисапқа енбей қалыпты.

Алма Кәткетаева, фельдшер:

- 4 млн 800 мың теңге шығу керек. 800 мыңды алсам, қалған ақшам төленбеді. Бізде 4 ауысым істейміз. Соның барлығы алған жоқ. Бәріміз ПТР-тест алдық, байланыста болдық.

Фельдшерлер мен жүргізушілер бұған дейін адал ақшасын сұрап талай наразылық білдірген. Бірақ еш нәтидже болмапты. Сондықтан барлығы облыс адвокаттар алқасына арыз жазып, үстемақыны сотпен өндіріп алмақшы.

Елена Сухова, адвокат:

- Нақты қарызды айту қиын, әлі толық есептелген жоқ. Ал үстемақыны толық ала алмай қалған дәрігерлер көп. Бүгін таңертең ғана Риддерден хабарласты. Олардан 80 адам алмаған.

Алайда облыс денсаулық сақтау басқармасының мамандары ешкімге қарыз емеспіз дейді. Дәрігерлерге бөлінген қаржы соңғы тиынына дейін төленіпті. Сондықтан есеп-қисапты қайта қараудың қажеті жоқ дейді.

Ермек Омарбеков, ШҚО денсаулық басқармасының басшысы:

- Бізге барлық тізім әкелінген. Оның ішінде жұмыс істеп жатқаны да, жұмыстан шығып кеткені де бар. Соған сәйкес есеп-қисап дұрыс жүргізілді. Дәрігерлер  ақшасын толық алған. Ешкімнің еңбегі желінген жоқ. 70 млрд. теңге төленбей қалды деген – жалған.

Былтыр пандемия кезінде Өскемендегі жедел жәрдем қызметкерлеріне 90 миллион үстемақы төленіпті. Алайда наразылыққа шыққан дәрігерлер қалған қаржыны енді сот арқылы өндіріп алуға ниетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде