Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ресей Қазақстанмен әуе қатынасын кеңейтуге құлықты
Ресей Қазақстанмен әуе қатынасын кеңейтуге құлықты. Тек бұл екі елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғанына байланысты.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
08.04.2021
Барыс-келістің жайы бүгін екі ел сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтылды. Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров Көкшетауда өтетін аймақаралық әріптестік форумы мен студенттердің оқуға оралуы жайын да талқылады. Бүгінде Ресейге барып-келіп жатқан азаматтарымызды айтпағанда, 66 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Тілеуберді мен Лавров екпе куәліктеріне қатысты пікірлерімен де бөлісті. Бүгінде әлем елдерінде бұл куәлікке қатысты нақты айқындалған ұстанымдары жоқ. Алайда министрлер куәліктің барыс-келіске әсері болмау тиіс деп отыр.
Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:
- Біздің пікірімізше, екпе куәліктері адамдардың құқын шектемеуі тиіс. Оның ішінде емін-еркін қозғалуына ешқандай кедергі келтірмеуі қажет. Экономикалық одақ ауқымында азаматтардың қозғалысына кедергі келтірмейтін ортақ ережелерді жасау керек. Ал екпе куәлігі бар болғаны иесінің денсаулығына қатысты ақпаратты ғана береді.
Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Біздің елде Еуразиялық даму банкі вакцинация деректеріне қатысты бірыңғай платформаны әзірлеп берді. Оған қоса ПТР-тест бойынша да жалпы деректер базасы бар. Осы мәселені Сергей Лавровпен талқыладық. Алдағы уақытта барлық деректер платформасын біріктіруді қарастырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram