{metadescription}
Жамбыл облысында жоғалған 23 жастағы келіншек іздестірілуде
Жамбыл облысында жоғалған 23 жастағы келіншек іздестірілуде

Жамбыл облысында жоғалған 23 жастағы келіншек іздестірілуде

Жамбыл облысында екі ай бұрын үйінен шығып кеткен 23 жастағы келіншек іздестіріліп жатыр. Тәртіп сақшылары оны жер-көктен іздегенімен, әзірге еш нәтиже жоқ.

Шу ауданының тұрғыны Гүлдана Санақбайдың туыстары оны бұрынғы күйеуі ұрлап әкетті деп күдіктенеді. Өйткені із-түзсіз кеткен келіншек ең соңғы рет сонымен бірге көлікке мініп, сол күйі оралмаған.

Гүлдана Санақбайдың бұл ең соңғы рет көзге көрінуі. Ол 11 ақпан күні Алматыға жолға шығамын деп жұмыстан үйіне ерте қайтады. Жолай оны-мұны алу үшін сауда орталығына соғады. Мына видеодан 23 жастағы келіншектің ақ «ауди» көлігіне отырғаны анық көрінеді.

Индира Тілеубаева, Гүлдананың анасы:

- Орталықтан шығып, бұрынғы жолдасы Қалқан Берікпен бірге бір көлікке отырғаны бар. Одан кейін көрген-білген адам жоқ.

Индира Тілеубаева қызын бұрынғы күйеу баласы ұрлап кетті ме деп күдіктенеді. Оның айтуынша, Гүлдана алты жыл бұрын тұрмыс құрған. Бірақ беташардан кейін көп ұзамай күйеу баласы істі болып, бес жарым жыл жазасын өтеп шыққан. Кейін ерлі-зайыптының діни көзқарасы сәкес келмей, ақыры ажырасып тынған. Алайда бұрынғы күйеуі Гүлдананы қорқытып, соңынан қалмай қойыпты.     

Тілеукүл Тілеубаева, Гүлдананың әжесі:

- Біртоға қыз, оның ішінде не болып жатқанын ешкім білмейді. Айтпайды. Күйеуінің ұрып-соққанын да білген жоқпыз. Жоғалғаннан кейін естіп жатырмыз.

Гүлдана мінген көлікте күйеуімен бірге тағы екі жігіт болған. Бәрі бір ауыздан 23 жастағы келіншекті туысының үйіне жеткізіп салдық деп түсініктеме берген. Осыған иланған тәртіп сақшылары оларды күдікті деп қарамаса керек. Ал полицейлер тек дерекке қатысты қылмыстық істің қозғалғанын айтады.   

Азамат Қалмен, Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі:

- Дерекке қатысты ҚР ҚК 99 бабымен қылмыстық іс қозғалған. Полиция департаментімен арнайы топ құрылып, қылмысты ашуға кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәлімет жария етілмейді.

Із-түзсіз кеткен келіншектің бұрынғы жолдасынан 6 жастағы баласы бар. Оны қазір әжесі бағып отыр. Мұхамедәлі анасының жоғалғанын жуырда ғана естіген. Бұған дейін оған шешесі іс-сапарда деп алдап келіпті. Енді ол анасының табылып, үйге оралғанын тағатсыздана күтіп жүр. Ал Гүлдананың туыстары күштік құрылымдардың іздеу жұмысына көңілі толмайды. Сондықтан олар Нұр-Сұлтаннан білікті мамандардың келуін қалайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.