{metadescription}
Дінге сенетіндер былай тұрсын, енді сенбейтіндердің құқығын қараймыз
Дінге сенетіндер былай тұрсын, енді сенбейтіндердің құқығын қараймыз

Дінге сенетіндер былай тұрсын, енді сенбейтіндердің құқығын қараймыз

«Жусан» операциясымен елге оралған әйелдердің 95 пайызы радикалды діни көзқарастан бас тартқан. Кейбіреуі толығымен зайырлы өмір салтына көшіпті. Жат ағымның жетегіне еріп жиһадқа аттанғандарды қайта әлеуметтендіру мен оңалтуға елімізде бірыңғай тетіктер жұмыс істейді. 

«Жусан» арнайы операциясының бес кезеңінде қарулы қақтығыс аймағы –  Сириядан 600-ден астам отандасымыз бодандықтан құтылып, аман-есен елге жеткізілді. Оның 413-і – бала, араларында тұл жетімдер де бар.

Тура жолдан тайғандардың кейбірі лаңкестік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен сотталған. Гуманитарлық операциядан бөлек, елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы істер барысында биыл бірінші жартыжылдықта 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желідегі радикалды топтардан шығарылыпты. Жат ағымның идеяларын насихаттайтын 80 мыңнан астам материал жойылып, 300-ден астамы бұғатталған.

Дінге сенетіндер былай тұрсын, Қазақстанда енді «дінге сенбейтіндердің құқығы» деген түсінік енгізілмек. Дегенмен атеистерге қатысты заң қашан қабылданатыны әзірге белгісіз. Айта кетері, 2019 жылы елде дінге сенбейтін адамдардың саны халықтың 18 пайызын құраған.

Ержан Нөкежанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы:

- Біз дінге сенетіндердің де, дінге сенбейтіндердің де құқығын сақтап, қамтамасыз еткіміз келеді. Осыған байланысты нақты түзетулер шеңберінде әлемдік тәжірибені негізге аламыз. Бізде дінге сенетіндердің құқығы бар. Енді «Дінге сенбейтіндердің құқығы» түсінігін енгізбекпіз. Біз зайырлы мемлекетпіз. Дініне, ұлтына, конфессиясына қарамастан, бізде заң бәрінен жоғары. Заң бәріне ортақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде