{metadescription}
Маңғыстау облысында шетелдік көліктерге рейд басталды
Маңғыстау облысында шетелдік көліктерге рейд басталды

Маңғыстау облысында шетелдік көліктерге рейд басталды

Маңғыстау облысында шетелдік көліктерге рейд басталды. Жол сақшылары соңғы үш күнде өзге елдерде тіркелген 45 көлікті айып тұрағына қойған. Тағы 41 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.

Жол сақшылары негізінен Ресей, Армения, Грузиядан әкелінген көліктерді тексеріп жатыр. Өйткені Қазақстанда тіркелмеген машиналардың жол ережесін бұзуы жиілепті. «Тіркеуде жоқ көлік иелері ережені елемей, оқиға орнынан тайып тұрады» - дейді полицейлер. Рейдте көлікті мас күйде басқарған екі жүргізуші жауапқа тартылса, құжатсыз жүрген 12 жүргізушіге хаттама толтырылды.

Жаннұр Таңатарова, Маңғыстау облысы ПД ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Көп жағдайда шетелдік тіркеудегі автокөліктер тиісті техникалық байқаудан өтпеген, сақтандыру полисіне тіркелмеген немесе көлікті қайта жабдықтаған болып шығады. Үш күнде осындай көлік құралын рұқсатсыз қайта жабдықталған 30 автокөлік иесі, тиісті техникалық байқаудан өтпеген 50 жүргізуші анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде