Семейде ерлі-зайыптылар жиһаз жасаймыз деп жұртты 40 миллионға алдап кеткен
Семейде жиһаз жасаймыз деп жұртты алдап кеткен ерлі-зайыптыларға сот үкім шығарды. 141 адамды алдап, қырық миллион теңгені қалтасына басқан әйелі мен күйеуі бес және жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
10.11.2021
Торғын Құдайбергенова, судья:
- Сотталушы Көшербаева бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол бұрын да істі болған. Сол кейінге шегерілген екі жылын қосқанда жалпы жеті жыл мерзімді құрап отыр. Айтқалиев та кінәлі деп танылып, бес жылға сотталды. Екеуі де жазасын абақтыда өтейді.
Ерлі-зайыпты алаяқтар карантиннің күшейтілген сәтін пайдаланбақ болған. Оңай олжаны көздегендер әлуметтік желі арқылы «жиһаз жасаймыз» деп жарнама жасапты. Бірақ карантин кезінде тапсырыс тек онлайн қабылданатынын айтқан. Сенген жұрт өзіне ұнаған жиһазға тапсырыс беріп, ақшасын банк картасына аударып жіберген. Жалған жарнамаға сенген 141 адам 40 миллион теңгені өз қолымен беріпті. Бірақ бірде-біреуінің үйіне жиһаз жеткізілмеген. Ерлі-зайыптылар 40 миллион теңгені қайтарып беруге міндеттелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!