Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жандарбек Бекшин: «Омикронның» келетіні анық, уақытын білмейміз
«Омикронның» елге келуі уақыттың еншісінде! Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин әлем бойынша 57 мемлекетте табылған коронавирустың жаңа штамы Қазақстанды айналып өтпейтінін жеткізді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
10.12.2021
Сондықтан ол жұрттан екпе салдырып, санитарлық талаптарды әрдайым сақтап жүруді сұрайды.
Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:
- «Омикронның» келетіні анық. Қай уақытта екенін білмейміз. Шектеу шараларымен оның елге кіруіне тосқауыл бола алмаймыз, дегенмен жаппай вакцина алу арқылы оның таралуын тоқтата аламыз. Біз вирустың осы түрін зерттеуді де тоқтатқан жоқпыз. Мәселен, 3-желтоқсанда Нұр-Сұлтанға 53 сынама жібердік. Ондағы мақсатымыз – сынамаларда «омикрон» штамы бар-жоғын анықтау.
Әзірге жаһанға жылдам таралып жатқан «омикрон» елімізде анықталған жоқ. Соған қарамастан жауапты министрлік сақтық шараларына кірісіп кеткен. Қазір Соvid-19-дың осы түрі табылған мемлекеттен келген отандастарымыз әуежайда ПТР-тесттің қорытындысын көрсетіп, жеті күндік үй карантинінде жатады. Коронавирустың жаңа штамын әлем елдерімен қатар отандық медицина да жан-жақты зерттеп жатыр.
Жандарбек Бекшин кеселге қарсы екпе салдыру да маңызды екенін айтады. Мәселен, қазір Алматыда вакциналау қарқыны едәуір артқан. Шаһарда вакцинаның екі компонентін алғандар 1 миллион 300 мың адамнан асты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram