КТК арнасының бес тілшісі шаңғы жарысында үздік шықты
Алматыда журналистер арасында шаңғымен сырғанаудан жарыс өтті. Сайысқа арнамыздың тілшілері де қатысып бағын сынады. Шымбұлақта өткен додаға "SCIJ Kazakhstan" шаңғышылар клубы мұрындық болған.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
25.02.2022
Шапшаңдық пен жылдамдықты қажет ететін жарыста 30 БАҚ өкілі слалом тәсілінде сынға түсті. Таудан төменге кезек-кезек сырғыған қатысушылар көк-қызыл жалау ілінген кедергілерді айналып өтуі керек. Қиын жолдың қалтарыс-бұлтарысына қарамастан, арнамыздың бес тілшісі бақ сынап, үздік орынды иеленді. Алғашқы үштікке іліккен журналистер бағалы сыйлықпен марапатталды.
Ирина Баженова, SCIJ Kazakhstan шаңғышы журналистер клубының президенті:
- Шымбұлақ тау-шаңғы курортымен ынтымақтастықтың арқасында біз осында жарыстарға дайындалып жаттықтық. Бүгін барлығы өзінің шеберлігін көрсетіп, дода ойдағыдай аяқталды. Біздің негізгі мақсатымыз әріптестерді қысқы спорт түрлеріне қызықтыру.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!