{metadescription}
0:000:00
Қаңтар оқиғасы: Алматы облысында 16 адам қайтыс болған

Қаңтар оқиғасы: Алматы облысында 16 адам қайтыс болған

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында 16 адам қайтыс болған. Оның бесеуі – құқық қорғау қызметкері. Бас прокуратура тергеудегі жаңа деректермен бөлісті.

«Екі адам әлеуметтік желі арқылы өңір әкімдігін басып алу жөнінде нұсқаулық беріп отырған», - дейді тергеушілер. Екі күдікті билік құрылымына шабуыл жасауды басынан ойластырып, сөз байласыпты. Олар 400 адамды жинап орталық алаңға жіберген. Жиналғандар Талдықорған қаласы полиция басқармасы ғимаратының 80 пайызының күл-талқанын шығарған.

Бас прокуратура өкілдері қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып тергеу изоляторында қайтыс болған Алмас Мұқашевқа да қатысты мәлімдеме жасады. Марқұмның жақындары тергеуде тыйым салынған әдістер қолданды, ұрып-соқты, қинады деп мәлімдеген. Қазір Талдықорған тұрғынының өліміне қатысты құқық қорғау органдарының екі қызметкері қамауға алынды.

Елдос Қилымжанов,  ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары:

- 68 қаңтар аралығында азаматтардың қаза болу фактісі тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мұқашевтың өліміне әкелген ұрып-соғу фактісі бойынша тергеумен арнайы прокурорлар айналысуда. Аталмыш іс бойынша сот санкциясымен құқық қорғау органдарының екі қызметкері қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.