{metadescription}
Германияда қалған қазақ жауынгері туралы фильм шықты – «Нартай» –
Германияда қалған қазақ жауынгері туралы фильм шықты – «Нартай» –

Германияда қалған қазақ жауынгері туралы фильм шықты – «Нартай» –

Германияда қалып қойған қазақ жауынгері туралы фильм жарыққа шықты.  «Нартай» атты туындыда туған жеріне орала алмай жүрген сарбаздың өмірі көрсетілген. Белгілі продюсер Гүлнар Сәрсенова бастаған «Еуразия Фильм Продакшн» кинокомпаниясы тарихи туындының түсіріліміне үш жылын сарп еткен.

Көптен күткен отандық фильм ертеңнен бастап еліміздегі кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

Қазақ сержанты Нартай Сапарғалиевтің аласапыран өмірі. 90-жылдардың басы. Келеңсіз жағдайға тап болып, өзі мінген Т-62 танкімен бірге Германиядан бір-ақ шығады. Жарқын, ашық мінезді қазақ жігіті жат жерде жатсынбай, шет елден дос тауып, Мюнхеннің басты алаңы Мариенплацта артис болып күн көреді. Өжет әрі шапшаң басты кейіпкерді сомдаған актер небәрі 20 жаста.  

Шәріпбек Зәкіров, актер:

- Үйімді сағындым деп айту қиын. Осы уақытта режиссермен бірге амал табу керек болды. Біз бөлек нәрсе ойнадық, ал фильм басқа нәрсені айтады. Режиссердің қолынан келгені – менің бала кезімде алған  жарақатымның барлығын сценарийге орнықтырып берді. Бұл тұста бір нәрсе шықты деп ойлаймын.

Әскериді Отанына қайтару мәселесі шешіліп жатқанда техниканың тілін білетін дарынды Нартай жергілікті  ел-жұртқа көмектесіп, халық арасында аты шығады. Астындағы танкімен шаруашылыққа көмектесіп, егістік жерді жыртып береді. Өзі сияқты жат жерде тентіреп қалған еврей қызымен табысады. 

Анна Старченко, актриса:

- Жағдайды елестетіп көріңіз. Кейіпкерім жат жердің тілін білмейді әрі ақшасыз, құжатсыз. Ең қиыны – үйі жоқ. Қайда барып, кімде паналайтыны белгісіз. Ал түсірілім өте жеңіл, қызықты өтті.

Фильмнің екінші режиссері Германияда тұратын грузиялық екі режиссердің бірі – Дито Цинцадзе. Түсірілім Алматы облысы мен Германияның Мюнхен қаласында өтті. Режиссер кейіпкерлерінің қарапайымдылығы мен шынайылығы жасына, ұлтына немесе саяси көзқарасына қарамастан, көрерменнің жүрегін жылытады деп сеніп отыр. 

Вахтанг Хубутия, режиссер:

- Бұл фильм жеңіл қабылданады. Менің ойымша, өткенді еске салатын, сюжеті аса қиын емес туындыларға қазір көрермендер мұқтаж. Картина табиғаттың баурайында түсірілді, шынайы шықты деп ойлаймын. 

Тағдырдың жазуымен бөтен елде қалған кейіпкеріміз Отанына орала ала ма? Бұл сұрақтың жауабын ертеңнен бастап көрерменге жол тартатын достық пен махаббаттың шын бейнесі суреттелген «Нартай» атты отандық трагикомедядан біле аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.