{metadescription}
Қыруар қаржы бөлінген су каналдары қаңырап бос жатыр – Жамбыл облысы
Қыруар қаржы бөлінген су каналдары қаңырап бос жатыр – Жамбыл облысы

Қыруар қаржы бөлінген су каналдары қаңырап бос жатыр – Жамбыл облысы

Жамбыл облысында канал құрылысының дер уағында аяқталмауынан тұрғындар тығырыққа тірелді. Қазір бірнеше ауылға ағын су жетпей, бау-бақша қурап кетудің шақ алдында тұр.

Тендерді о баста жеңіп алған түркиялық фирма істі аяқсыз қалдырып ұшты-күйлі жоғалса, кейін пайда болған Иран компаниясының да жұмысы жұрттың көңілінен шықпай жатыр. Еңбегіміз еш кететін болды деп жыларман болған диқандардың жайын тілшіміз біліп келді.

Шу ауданындағы бірнеше ауылдың күні ұзындығы 27 шақырым болатын екі каналға қарап тұр. Үш жыл бұрын ескісін көміп, жаңасын қазуға түрік фирмасы кіріскен. Бірақ басталған іс жарым жолда тоқтап қалған. Мердігердің жауапсыздығынан жұрт бірнеше жылдан бері суға жарымай отыр.

Әлжан Кебісбаев, Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны:

- Бөлтірік ауылында екі канал бар. Біреуі мемлекеттік қор каналы, 11 км, 600 метр. Мынау Андреев каналы, 16 км. Екеуін де көміп тастады. Екеуінде де су жоқ. Баубақша қурап қалды. Мемлекет басшысы суармалы жерді көбейтіңдер, халықтың әлуетін жоғарлатыңдар деп отыр. Ал енді осы, су болғанда ...

Соңғы үш жылда тұрғындар «әбден қиналдық» дейді. Диқаншылықпен күн көретін бұқара тамшы су жетпей, өнімі шықпай, қыруар шығынға батып келген. Тіпті кейбірі амалдың жоқтығынан ата кәсіптен бас тартыпты.

Құдайберген Шонаев, диқан:

- Қазір отырып алып жылағың келеді. Шашыңды жұлғың келеді. Қолдан келетін түк жоқ. Облыс әкімі біледі, аудан әкімі біледі. Басқармалар келді. Келмегені жоқ.

Түрік фирмасы бастап аяқсыз қалдырып тастап кеткен шаруаны ирандық мердігер жалғастырмақ болыпты. Бірақ диқандар ол шетелдік фирамының да «ісі шала» дейді. 

Әлжан Кебісбаев, Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны:

«Путь 2» деген дүниежүзілік даму банкінен бөлінген ақша ғой. Пәленбай миллиард ақша бөлініп отыр. Сондықтан түріктер алған. Олар ештеңке тындырмағаннан кейін, ойыннан шықты да, биыл, 2022 жылы ирандықтар келді. Он метр жерді бетондап еді. Дұрыс жасамағандықтан, оны бұзып тастады. Сонымен сол қалпында тұр. 

Тұрғындар мың гектардан астам жер қурап қалуы мүмкін деп дабыл қағуда. Билік өкілдері бұл жағдайды беске біледі. Бірақ кінәні түрік фирмасына артады. Өткені мердігер ісіне немқұрайлы қараған.

 Қазыбек Бедебаев, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалыныңсы:

- Менің білуімше түрік компаниясы 3 млрд. 750 млн. теңгеге тендерді ұтып алған болатын. Бірақ ол кестеге сай жұмыс істемегені үшін келісімшартты үзуге мәжбүр болдық. Су ресурстары комитеті соттасып жатыр.  

Сот процесі бітпей жатып-ақ ирандық компания істі аяқтауға кірісіп кеткен екен. Түрік фирмасы басшысының қалтасында кеткен қырауар қаржы қайтарыла ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз. Соған қарамастан ирандық серіктестік келесі жылдың күзіне дейін каналдарды түгел жаңалап беруге тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.