{metadescription}
Ақтөбеде көз жанарын жара басқан келіншекке қажет
Ақтөбеде көз жанарын жара басқан келіншекке қажет

Ақтөбеде көз жанарын жара басқан келіншекке қажет

Ақтөбеде көз жанарын жара басқан келіншек көмекке зәру. 29 жастағы Гүлназ Бимашованың көзінің қасаң қабығын шұғыл ауыстыру қажет. Бірақ оған елімізде донор жоқ.

Гүлназдың көзі алғаш рет екі жыл бұрын жанына батып ауырған. Ол кезде ауылда тұрыпты. Облыс орталығындағы мамандарға қаралғанда дәрі жазып берген. Кейін асқынып ақ түскенде ауруханаға қайта жатады. Қазір бір көзі мүлдем көрмейді. Жара басқан жанарын емдетуге Ақтөбеге көшіп келген. Бірақ мұндағы мамандар да қауқарсыз. Өйткені көзінің қабығын толық сылып алып тастап, жаңасын жамау керек. Ал елде оған донор жоқ. Көршілес Ресейден бастап бірнеше елге сұрау салған. Түркиядан ғана келісім хабары келіпті. Бірақ ол жақта операция жасатуға жағдайы жоқ. Өздері жатақхананың аядай бөлмесін жалдап отыр. Күйеуінің айлығы төрт баланың тамағынан артылмайды. Енді жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

Гүлназ Бимашова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Көзімнен айрылып қалғым келмейді. Не болғанда да әлі жаспын ғой. Жазылғым келеді. Бұл көз қазір көрмейді оң жақ көзім. Қазақ халқынан, мұсылман қауымнан көмек сұраймын. Әрбір 50 теңге болсын, жүз теңге болсын...

Гүлназ Бимашова,  +7 771 611 00 28

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.