Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сенокосное ауылын су басты
Қарағанды облысындағы Сенокосное ауылында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда түні бойы жауған нөсер жаңбырдан кейін үйлерді су басқан. Бүлінген дүние-мүлік көп. Қора-қопсы, бау-бақшаны да су шайып кеткен. Зардап шеккендер мен мал шығыны жоқ. Қазір арнайы құрылған комиссия суда қалған үйлерді аралап, шығын көлемін есептеп жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
11.07.2022
- Үйімізді су басты. Масқара..
Түні бойы төпелеген жаңбыр Сенокосное ауылының тынышын қашырды. Жан жаққа өзен болып аққан жауын суы арықтардан асып, үйлердің ауласына кірген. Қора-қопсы, баспана, бау-бақшаға да жайылып жұрттың дегбірін қашырды. Тізеден су кешкен қараша қайда барарын білмей тығырыққа тірелді.
- Дүниемүліктен түк қалмады...
Қызыл су жарты-ақ сағатта ауылдағы он екі аула мен тоғыз үйді шайып кеткен. Тіпті, баспана ішіндегі су деңгейі 20 сантиметрге дейін көтеріліпті. Тұрғындар судың кесірінен дүние-мүліктің бүлінгенін айтып жыларман болды. Ұялы байланыс та үзіліп, бұқара бір-бірінен хабар ала алмай қиналған.
- Міне, қараңыздар суды....
Оқиға орнына 35 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 13 мотопомпа тартылған. Қазір суда қалған тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметі көмек көрсетіп жатыр. Жергілікті билік арнайы құрылған комиссия үйлерді аралап, шығын көлемін есептеуге кіріскенін жеткізді.
Руслан Нұрмұханбетов, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары:
- Бүгінгі таңда аудан әкімінің тапсырмасы бойынша Сенокосное ауылында төтенше жағдай жарияланды. Комиссия құрылды. Комиссия мүшелері үйлерді аралап жүр. Шығын көлемін есептеу үшін Қарағандыдан арнайы мекемені шақырдық. Олар көріп барлығын бізге айтады. Сосын біз халыққа ақшаларын береміз.
Абырой болғанда зардап шеккендер мен мал шығыны жоқ. Жағдайды бақылауға алдық деген әкімдіктегілер ауылды қалпына келтіріп, су басқан үйлердің шығынын өтеп беруге уәде берді. Қазір Сенокосноеде су деңгейі біршама төмендеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram