{metadescription}
0:000:00
Іздестіру: Ұзынағаштағы төбелесте бір адам қаза болып, екі адам жараланған

Іздестіру: Ұзынағаштағы төбелесте бір адам қаза болып, екі адам жараланған

Алматы облысының Ұзынағаш кентінде қару қолданып жаппай төбелеске қатысқан жігіттер әлі іздестіріліп жатыр. Күні кеше полиция қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызған оқиғадан бір адам қаза болып, екі адам жараланды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спорт сарайындағы бассейнде сөзге келіспеген бір топ жігіт сыртқа шығып жаға жыртысқан. Ауылдастар арасындағы кикілжіңнің соңы атысқа ұласыпты. Оқ тиіп жарақат алған екі жігіттің жағдайы ауыр. Ұзынағаш ауылының жастары нені бөлісе алмағаны әзірге белгісіз. Қанды қылмыстың жай-жапсары қалай болған?

Қарулы қақтығыс спорт сарайының алдындағы көлік тұрағында кеше тал түсте болған. Куәгерлердің айтуынша, алғашында шекісіп қалған бір топ жігіт бір-біріне жұдырық ала жүгіріпті. Алайда жаппай төбелес атысқа ұласып, үш бірдей адамға оқ тиген. Оның бірі оқиға орнында көз жұмды.

25-30 аралығындағы ауылдастар арасындағы жанжалды осы маңда тұратын Павел Гвиношов көріпті. Қарудың дүрсілдеген дыбысынан шошыған жігіт ағасы сыртқа шығуға жүрексінген.  

Павел Гвиношов, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

- Алғашында балалар ойыншық бомбы атып жүр деп ойладым. Содан кейін ондай емес, айғайшу шығып жатты. Біреуінің жалаңаш жүргенін көрдім. Немеремді жібермедім. Рикошет бірдеңке бола ма деп. Шамамен 10-15 адамдай болды.  

Атыс кезінде жараланған екі адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бытыра жаралаған оларға ота жасалды. Науқастардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.

Махмұт Құдайбергенов, Жамбыл ауданы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Бірінші науқастың аяғына және ішіне оқ тиген. Екіншісіне артқы жағынан оқ атылған. Қолынан, көкірегінен және жамбасынан атқан. Екеуі де қазір жансақтау бөлімінде. Қазір есін біледі. Ота жасалды.

Дәрігерлердің болжамына қарамастан, Әбдуәлидің анасы кенже ұлының денсаулығына алаңдайды. Оның айтуынша, жанжалдасқан жігіттер бір-бірімен жақын араласқан ауылдың бетке ұстар жастары. Араласып жүрген жандардың араздасуына не себеп болағанын Әмина да түсіне алмай дал.

Әмина Әшірова, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

- Ұзынағаш ауылының, менің ауылымның балалары. Бірбірімен дос, араласып жүрген балалар. Бір-бірін жақсы таниды. Олардың арасында қандай әңгіме болғанын білмеймін. Бірақ бәрі дос болған.

Полиция атысқа қатысы бар адамдардың жеке басы анықталғанын жеткізді. Қазір олар жер-көктен іздестіріліп жатыр.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Аталған дерек бойынша оның себебін анықтау және күдікті адамдарды ұстауға дереу шара қабылданды. Іздестіру шаралары бойынша ұстау жоспары жарияланып, Алматы облысы полиция бөлімшелерінің жеке құрамы құралды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Тергеу мүддесін алға тартқан тәртіп сақшылары нақты қандай баппен қылмыстық іс қозғалғанын айтпады. Қанды қылмысқа қатысы бар жігіттердің нақты саны да әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде