Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Автобус жүргізушілері жетіспейді – 3 мыңға жуық кадр қажет
Елімізде автобус жүргізушілері жетіспейді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, автопарктерге 3 мыңға жуық кадр қажет. Бірақ ұсынылған жоғары жалақыға қарамастан, қоғамдық көлік тізгіндегісі келетіндер сирек. Өйткені қауіп-қатермен қоса, көбісі жұмыс кестесінің қиындығынан қашады және екінің бірінде арнайы санатта жүргізуші куәлігі жоқ.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
24.01.2023
Александр Юревичтің автобусты тізгіндеп нәпақа тауып келгеніне 12 жылға жеткен. Екі айдың ішінде 600 мың теңге жалақы алыпты. Бірақ мұндай қаражат табу үшін демалыс көрмей жұмыс істеу қажет деп отыр.
Александр Юревич, жүргізуші:
- Таңғы бес жарымда тұрамыз. Күні бойы автобуста отырып, үйімізге кешкі 9-да барамыз. Жүргізушілер де жетіспейді. Жеңіл ақша жоқ. Қыста кептеліс көп, көктайғақ. Жазда ыстық болады. Кейде бесалты күн демалыссыз жұмыс істейміз.
Автобус паркі тапшылық барын жасырмады. Бақандай 80 жүргізуші жетіспейді. Айтуынша, жұмыс істеуге ниетті тұрғындар жоқ емес, бар. Бірақ жүргізуші болғысы келетіндердің басым бөлігі – жастар. Ал олардың автобус айдауға тиісті куәлігі жоқ.
Болат Кенжеболатов, "Таксокомбинат 1"автопаркінің көлік инженері:
- Жастардың бәрі Д1 санатындағы жүргізушілер болған соң, біз оларды қабылдай алмаймыз. Д1 санатын алу үшін мол тәжірибе керек. Сондайақ теориялық емтиханды бізде тапсыра алса, практикалық емтиханды тек Алматы мен Астанада ғана тапсырады. Ал жастардың екі қаланың арасында сенделіп, шығынға батқысы келмейді. Бұл өзекті мәселе.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қоғамдық көлікті жүргізуші үшін арнайы санаттағы куәлікті алудың қиын екенін айтып отыр. Шектеулер көп. Мәселен, автоубс жүргізушісі 25 жастан асқан болуы тиіс. Сондай-ақ...
Мұрат Әмірин, "Атамекен"ҰКП Логистика және көлік департаментінің басқарушы директоры:
- Бұл ретте көлікте бес жылға жуық және үш жылға жуық сыйымдылығы аз автобус жүргізуі қажет. Ал қазір кез келген өңірде сыйымдылығы аз автобус шағын қоғамдық көлікке ауыстырылғанын ескерсек, жүргізушілер Д1 санатындағы жүргізуші куәлігін ала алмайды.
Ал автокөлікшілер одағы автобус парктеріне мемлекеттен субсидия қажет деп отыр. Яғни шопырлардың жұмысына сай жалақысы да қомақты болуы қажет дейді.
Сәбит Аманбаев,"ҚР автокөлікшілер одағы" ЗТБ атқарушы директоры:
- Біріншіден, біз жүргізщушілерге дұрыс ақша төлеуіміз керек. Ал қазір жалақысын көтере алмай, уақытында төлей алмай жатқанымыздың себебі, жергілікті билік дұрыс назар аудармай жатыр. Субсидиялауды атқармайды. Уақытында және керекті көлемде субсидия бермей жатыр, сондықтан автобус парктері қиын жағдайға түсті.
Ішкі істер министрлігі жүргізушінің жасы мен еңбек өтілімі мерзімін қысқарту туралы мәселені қолдағаны белгілі. Бірақ өзгерістердің қашан, қалай болатыны әлі беймәлім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram