{metadescription}
0:000:00
«Алматы жылу желілері» мекемесінің бас директоры қамауға алынды

«Алматы жылу желілері» мекемесінің бас директоры қамауға алынды

Антикор «Алматы жылу желілері» мекемесінің бас директорын да қамауға алды. Қуаныш Бейсенбинов пара алды деген күдікке ілінген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, қаланы жылумен қаматамасыз етуге жауапты мекеменің директоры мен бірнеше қызметкері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен. Уақытша басшысыз қалған мекеме өз тарапынан пікір білдіруге құлық танытпады.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сот алды тергеу басталды. Сонымен қатар антикор «Балқаш жылу» мекемесі директорының бұрынғы орынбасары мен бас бухгалтері аса ірі көлемде ұрлық жасағанын да айтты. Ал мұнда жымқырылған сома әлдеқайда көбірек.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Өз карточка шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 млн. теңгеден астам ұрлық жасады деп күдікке ілінді. Бұл ретте Серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға қарызы болған. Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.