{metadescription}
0:000:00
БҚО: аймақтарда 54 тұрғын үй су астында қалған

БҚО: аймақтарда 54 тұрғын үй су астында қалған

Оралда тасқын қаупі сейілмей тұр. Кешелі бері қызыл су басқан аумақтан тағы 80-ге тарта адам құтқарылды. Мұнда Деркөл өзені арнасынан асып, жақын маңдағы елдімекендерді су басып жатыр. Әсіресе Маштаково ауылындағы жағдай қиын. Қызыл судың қарқыны бәсеңдемесе, үйлер түгел суда қалады.Қазірдің өзінде тұрғындардың біраз бөлігі құтқару пунктіне орналастырылды.

Қазір арыны қатты ағынға айналған жерлер кешегі жайдақ жолдар еді. Жағдай тез өзгерді. Арнасынан асқан Деркөл өзені айналасын лайлап барады. Маштакованың бір бөлігімен жол қатынасы үзілді. Газ және электр тораптары су астында қалған соң, жарық сөніп, тұрғындарды құтқаруға тура келді. Шығарылған 80 адамның көбі туыстарын сағаласа, қалғаны құтқару пунктінде таң атырған.

Сансызбай Құбашев:

- Ұйықтап жатқан едім, әке, тұр деп оятып алды. Су басып кетті дейді. Мұндай жағдайды алғаш рет көруім. Бұрын болған емес.  

Су басқан аймақтың тұрғындары жергілікті мәдениет үйінің ғимаратын уақытша баспанаға айналдырды. Бүгін мұнда 11 ересек пен 9 бала түнеп шықты.

Сәуле Қадыралиева, «Деркөл» Мәдениет үйінің қызметкері:

- Кешкі сағат 9 жарымнан жақын маңдағы Өскен ауыланан адамдарды жеткізе бастады. Арасында балалар бар. Түннің ортасында «Ягодка» саяжай қауымдастығынан адамдар келді. Мұндағы жағдай жақсы, тамақ пен жатын орын бар. Керектінің барлығын тағы да алып жатырмыз.

Өзендегі су деңгейін құтқарушылар кірпік қақпай бақылап отыр. Жайылған судың бағытын қақпайлап жүріп тұрғын үйлерден айналдырып жіберуге күш салуда. Көп жерлерге құм толтырылған қаптар төсеп, керек жерінде суды сорып жатыр. Мамандардың айтуынша мұндағы жұрт саяжай аумағындағы жерді арзан болған соң жаппай алып, баспана салып тастаған. Ал мұнда су жылда келеді.  

Мейіржан Сатқанов, Орал қаласының әкімі:

- Жағдай өте қиын, су келіп жатыр. Қызыл су Маштакова ауылынан асып басқа да тұрғын үйлер бар жерлерге жете бастады. Әзірге су баспаналарға кіре қойған жоқ. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз.

Қызыл су қалаға жақындаған сайын тұрғындардан да маза кете бастады. Су деңгейін қазір оралдықтардың барлығы бақылап отыр. Қаланы қоршаған үш өзеннің көктемдегі тосын мінезін тұрғындардың бәрі біледі.  
Нұралы Мүсиев, БҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Халық арасында өзендерде мұз кептелісі мына саяжай алқаптарының тұрғындары жиі айтып жатады, мұз кептелісі бар деп. Дегенмен де бұл мұз кептелісіне жатпайды. Себебі мұз кептелісі дегеніміз - мұз тоқтатып су деңгейін көтеріп жатқаны. Біздің жағдайда мұз бір орынға жиналып қалған, дегенмен де су оның астынан бос өтіп жатыр.

Деркөлден асқан су саяжайдағы 10 үйді басқан. Тасқынның қаупі сейілмейінше, тұрғындар баспаналарына аттап баспайды. Мамандардың мәліметінше Деркөлдегі су деңгейі түнге дейін түседі. Бірақ енді бойында бірнеше ауыл бар Шағандағы су көтеріліп жатыр. Тұрғындарға қажет кезде эвакуацияға дайын болу керектігі ескертілген.

Жалпы облыста 54 тұрғын үй су астында қалды. Төтенше жағдай режимі қаланың өзінен бөлек бес ауданда жарияланды. Жағдайдың қалай өрбитінін болжау да қиын боп тұр. Өйткені мұндағы өзендердің көбі Ресей жерінен бастау алады. Ал ол жақтағы қар енді ғана ери бастаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде