{metadescription}
Астанада мешіт қызметкерін аяусыз пышақтап кеткен
Астанада мешіт қызметкерін аяусыз пышақтап кеткен

Астанада мешіт қызметкерін аяусыз пышақтап кеткен

Астанада 13 жерден пышақталған мешіт қызметкерінің беті бері қарамай тұр. Дәрігерлер оның өміріне әлі де қауіп төніп тұрғанын айтады. Ал Алланың үйінде қолын қанға былғаған күдікті қазір тергелуде. 

1990 жылы туған айыпталушы Елордаға іргелес Жібек жолы ауылының тұрғыны. Отыздан асқан азамат дін өкілімен нені немесе кімді бөлісе алмаған? Діни басқарманың уәжі қандай? 

Қанды қылмыс Астанадағы Шейх Кунта қажы атындағы мешітте болған. Намаз оқуға қамданып жатқан адамға Жібек жолы ауылының тұрғыны суық қарумен тап берген. Күдіктінің Алланың үйінде қолын қанға былағауына әзірге түрлі болжамдар ғана айтылуда.

Алып-қашпа әңгіменің көбейгененін мешіт қызметкерлері де растап отыр. Тергеу аяқталғанға дейін тіс жармаймыз деп камерадан жүзін алып қашқан мына жігіт өзін жәбірленушінің інісімін таныстырды. Ол да осы мешітте діни қызметкер екен.

Діни басқарманың өкілі әлеуметтік желідегі парақшасына зардап шеккен азамат мешітте шаруашылық қызметкері деп ақпарат таратқан. Бүгін белгілі болғандай, ауруханада өмір үшін күресіп жатқан Муслухиддин Надыровтың адам емдейтін қасиеті бар екен. Алла үйінің шаруашылық жұмыстарына жауап бергенімен, арасында дем салып, тұрғындарды емдеумен айналысыпты. 13 жерден дене жарақатын алған оның беті әлі бері қарай қоймаған.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы:

- 14 наурызда жедел жәрдем бригадасы науқасты Астанадағы №3 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді. Шұғыл түрде жедел емдеу шаралары жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өзгеріссіз. Өте ауыр. Оның өмірі үшін дәрігерлер әлі де күресіп жатыр. 

Ал отбасылық жанжалдың салдарынан ашуға булығып, дін қызметкеріне қару ала жүгірген күдікті қазір қамауда. 1990 жылы туған азаматтың елордаға іргелес Жібек жолы ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Бейресми ақпарат бойынша, айыпталушының келіншегі дін өкіліне дем салдырып емделуге барған. Ал отағасы мұны құптамаған болуы керек. Десе де бұл ел аузындағы болжамның бірі ғана.

Эльмира Шауленова, Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталған оқиғаға қатысы бар адам қылмыс орнында ұсталды. Ол Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу негізінде сотқа дейінді тергеудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Муслухиддин Надыров Оңтүстік өңірдің тумасы. Астанаға көшіп келгеніне 10 жылдан асыпты. Осы аралықта талай ем іздеп келгендердің дертіне дауа тапқан. «Жағдайды естігенде абдырап қалдық» - дейді жәбірленушінің ағасы.

Абдысалам Надыров, жәбірленушінің ағасы:

- Оны бұл жақта бәрі біледі. 13 жылдан бері осында жұмыс істейді. Ешкімді ренжіткен де емес. Бүкіл Қазақстан таниды. Қандай жағдай болды, білмейміз ғой. Дем салады, құран оқиды.

Күдіктінің әйелі де қазір ауруханада жатыр деген мәлімет тарауда. Тек мұны қаланың денсаулық сақтау басқармасы растаған жоқ, жоққа да шығармады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде