Жеті партия сайлау алдында соңғы рет дебат өткізеді
Жеті партияның жетекшілері мен өкілдері сайлау алдында соңғы рет дебат өткізеді. Осыған дейін партиялар өзара пікірсайысты бірнеше рет ұйымдастырған болатын. Сайлау алдындағы ең маңызды дебатты санаулы минуттан кейін "Хабар" арнасынан көре аласыздар.
Автор: Әзиза Төленби
16.03.2023
Дебат ұзақтығы 80 минутқа созылады деп жоспарланған. Бұл пікірталас Орталық сайлау комиссиясының тапсырысымен ұйымдастырылып отыр. Теледебат регламент бойынша үш раундтан тұрады. Алғашқысында қатысушылар өз партиясын таныстырады. Екінші раундта Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына арналған бағдарламаларын жариялайды. Көрерменнен келіп түскен сұрақтарға жауап беруі тиіс. Соңғы бөлімде сайлаушыларға үндеу жасайды. Дебат екі тілде өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!