Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жаңаарқа теміржол учаскесінің бірқатар қызметкері қамауға алынды
Қарағанды облысындағы Жаңаарқа теміржол учаскесінің бастығы мен орынбасары және жергілікті желі полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Тергеу пікірінше, олар соңғы екі жылда теміржолды жаңартуға арналған 800 тоннаға жуық материалды ұрлап, сыртқа сатып жіберген.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
30.03.2023
Қылмыстық топтың құрамында 17 адам болған. Арасындағы желілік полиция бөлімінің бастығы олардың қылмысын жасырып пайдаға ортақтасқан. Су жаңа рельстер, шпалдар мен темір төсеніштер ескіргенінің орнына қағаз жүзінде төселіп келген. Іс жүзінде жүк көліктеріне тиеліп жөнелтіліп отырған. Тергеуде бағалы материалдарды тасымалдаған техникалар мен жүктің жеткізілген жері мен оны сатып алушылар анықталды.
Өткен жылдың қараша мен желтоқсан айларында теміржолдың осы бөлігінде екі рет апат болды. Оның бірінде ағаш тиеген 14 вагон жолдан шығып кетсе, екіншісінде астық артқан 19 вагон аударылған. Соның салдарынан темір жол қозғалысы тұралап, жолаушылар вокзалдарда тәуліктеп түнеген болатын.
Самал Сақатова, ҚР Бас көлік прокуратурасының аға прокуроры:
- Қылмыстық топқа ҚТЖ, ҰҚ Қарағанды бөлімшесінің 17 қазіргі және бұрынғы жұмысшылары қатысқан. Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған. Алдын ала есептелген шығын 120 миллион теңгеден астам сомаға бағаланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram