{metadescription}
Ақтөбеде биіктен құлаған қыздың өліміне қатысты күдікті қамалды
Ақтөбеде биіктен құлаған қыздың өліміне қатысты күдікті қамалды

Ақтөбеде биіктен құлаған қыздың өліміне қатысты күдікті қамалды

Ақтөбеде жетінші қабаттан құлап өлген қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауға алынды. Ол зорлық жасады және өлімге итермелеу бабымен айыпталып, қылмыстық іс қозғалған.

Ерболат Масақбаев, Ақтөбе қаласы ПБ бастығының орынбасары:

- Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына  қамалды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге де ақпарат жарияланбайды. ҚР ҚК 105-бабы, өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу және ҚР ҚК 1-бөлігінің 120-бабы – зорлау бойынша қылмыстық іс тіркелді.

19 жастағы бойжеткеннің кісі қолынан өлгенін кеше туыстары айтқан. Өйткені қыз құлаған пәтерде қан іздері бар. Ал марқұмның үстінде  футболкадан басқа киім болмапты. Оқыс оқиға болар күні бойжеткен жақын досымен бірге болыпты. Сол танысы зорлық көрсетіп, артынша қылмысын жасыру мақсатында балконнан лақтырып жіберуі мүмкін дейді қаралы отбасы. Қазір тәртіп сақшылары күдіктіні тергеп, қыздың жетінші қабаттан секіріп кетуіне не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.