{metadescription}
Психотропты есірткі қолданған Төреғали Төреәлі полицияға түсті
Психотропты есірткі қолданған Төреғали Төреәлі полицияға түсті

Психотропты есірткі қолданған Төреғали Төреәлі полицияға түсті

Төреғали Төреәлінің кезекті тентектігі. Бүгін Алматыда танымал әншіні полиция ұстады. Ол тек қымбат джиптің ішінен оңайлықпен түспей, қарсылық көрсеткен.

Балағат сөзді жаудырған әнші полицейлерге бой берер емес. Көлігін ары-бері қозғап, тәртіп сақшыларын таптап кетуге шақ қалған. Сонда да тұрақта тұрған Шевроле көлігін зақымдады. Оқиға орнынан із суытуға қанша талпынғанымен, әншіні сақшылар жерге жатқызып қолын қайырды. Медициналық сараптама нәтижесі оның психотропты есірткі қоданғанын көрсеткен. Сондықтан бір емес, алты баппен хаттама толтырылды. Енді ол 15 күнге қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқынан айырылумен шектелмейтін сыңайлы. Іс сотқа жөнелтілген. Ал қымбат көлігі айып тұрағына қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде