{metadescription}
Жолдау: Резидентураға берілетін грант 70 пайызға артқан
Жолдау: Резидентураға берілетін грант 70 пайызға артқан

Жолдау: Резидентураға берілетін грант 70 пайызға артқан

Резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артқан. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының аясында іске асырылған міндеттердің бірі.

Нақтырақ айтсақ, 2023 жылы грант саны 1500-ден 2500-ге дейін өсті. Осы ретте мамандар медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады.

Гранттар саны бойынша акушерлік іс және гинекологияға баса назар аударылып отыр. Жалпы саны 214, анестезиология және реаниматология 200, неонатология 119, терапия 115.

Сондай-ақ жалпы хирургия, неврология, психиатрия сынды бағыттар бойынша да мемлекет есебінен оқыту қарастырылған.

Ал 1 қыркүйек күні Президент Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды деп жоспарланып отыр. Осыған дейін Ақорда мәлімдегендей, Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық дамудың жаңа моделіне көшу туралы айтады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде