{metadescription}
Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылады
Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылады

Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылады

Еңбек министрлігі елордаға көшіп келушілер санына шектеу қоямыз деп отыр. Астанадағы көші-қон ағынын бақылауға алу мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Қазір шенеуніктер арнайы заңнамаға түзетулер мен өзгерістер енгізіп жатыр.

Бас қалаға өзге өңірлерден жыл сайын тұрғылықты тұруға 60 мың адам қоныс аударады. Халық саны миллионға тек 2030 жылы жетеді деген болжамның қате болғанына он жыл бұрын-ақ көзіміз жетті. Жазда сумен, қыста жылумен қамту қала шылбырын ұстаған атқамінерлердің кәдімгідей бас аурына айналған. Қыркүйектен бастап, шаһар аумағына кіріп-шығуға рұқсат етілгендердің тізімі жасалмақшы.

Асқарбек Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы:

- Қазір Астанаға кімнің кіріп, кімнің кіре алмайтындығын анықтау бойынша миграция мәселесі талқыланып жатыр. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Жұмыс тобы барлық сұрақтарды қамтитын болады. Қыркүйекте алғашқы мәліметтерді айтатын боламыз.

Алайда демографтар миграцияны реттеуде халық санын шектеу адам құқықтарын таптаумен тең деп отыр.

Аяулым Сағынбаева, демограф:

- Конституция бойынша бір әр жаққа көшіпқонуға еріктіміз. Кез келген құқықтық енгізілейін деп жатқан өзгерістер, ең бірінші кезкте, біздің конститутциялық құқықтарымызды шектемеуі керек. Айналып келген кезде өңірлерде тұрмыс деңгейі жақсы болатын болса, жалақы жақсы болатын болса, экология жақсы болатын болса, медицина блім жақсы болса, онда ешкім алысқа көшуге талпынбайды.

Осы жерде туып-өскен танымал сәулетші Аманжол Чиканаев қазақ астанасы құрылысының авторы жапондық Кисе Курокава әу бастан-ақ бас жоспарды сызғанда оңбай қателескен дейді. Тар көшелер, ғимараттардың алшақтығы 500 мың адамға ғана шақталыпты. Көзге ұрып тұрған олқылықты талқылау барысында Чиканаев Курокаваның талай рет бетіне басқан. Десе де енді миграцияны шектегеннен басқа амал жоқ.

Аманжол Чиканаев, сәулетші:

- Біз реттеуіміз керек. Бұл халық көбейіп жатыр, Астанамыз үлкейіп жатыр деп қуанудың қажеті жоқ. Біз өте үлкен көп проблемаларды жинаймыз, өзімізге қаланы өсіреміз деп. Су жеіспейді.

Ал күнделікті нәпақасын дәл осы елордадан тауып жүрген қарапыйым жұрт «шекеміз шылқығаннан Астанаға келген жоқпыз» дейді. Ауылда жұмыс жоқ, болса да тиын-тебен төлейді.

- 60 мың ауылдың айлығы, 70 мың. Ауылда ол айлықпен ешкім күн көре алмайды ғой, былайша айтқанда. Ешкім жетіскеннен келмейді. Бала-шағасының несібесі деп келеді ғой.

- Еліміздің орталығы болған соң, осы жаққа келіп жан-жақтан, осы жақта пайдасын көріп, әрі қарай жақсы өмір сүріп кетіп жатыр. Негізі шектеген дұрыс емес.

Астананың халқын жалғыз Вячеслав су қоймасы есебінен қазір қамтып отырмыз. Қала билігі жетіспеген қосымша су ресурсын Нұра жерасты құбырын салу арқылы шешпекші. Алайда бұл құрылыстың қашан бассталатыны әзірге уақыты белгісіз. Белгілісі еңбек министрлігінде құрылған арнайы топ миграцияны шектеудің қалай жүзеге асатындығын қыркүйекте жариялайтын болды. Жауапты ведомство тек сол кезде қалаға кімнің кіріп, кімнің шыға алатынын айтамыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде