{metadescription}
Жайық өзені экологиялық апат алдында тұр
Жайық өзені экологиялық апат алдында тұр

Жайық өзені экологиялық апат алдында тұр

Жайық өзені экологиялық апаттың аз-ақ алдында тұр. Атыраулықтар экологтар осылай деп дабыл қағуда. Себебі соңғы жылдары өзенге келетін су деңгейі екі есеге азайған. Соның салдарынан Каспиий теңізі де тартылып, каналдары құрғап, кемелер қайранда қалып жатыр.

Жайық өзенінің экологиялық апат алдында тұрғанын жергілікті әкімдік те ашық айта бастады. Алайда жауапты министрлік ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауға асығатын емес. Сағасы су алған Жайықтың жайын КТК тілшісі көріп келді.

Атырау облысының 70 пайызын сумен қамтып отыған Жайықтың қазіргі күйі осы. Жыл сайын өзенге келетін судың көлемі мүлде азайып барады. Теңізге құятын сағалары да тартылып, каналдар құрғап, кемелер теңізге шыға алмай жатыр. Құрғақшылықтан құрып бара жатқан флора-фаунадан бөлек, ауыз суды да Жайықтан ішетін ел бұл экологиялық ахуалды билікке жеткізе алмай әлек.

Өңірдегі экологиялық мәселелермен қатар Жайықтың суын да зерттеп жүрген тәуелсіз экологтардың бірі Галина Чернова. Ол отыз жылдан бері үкіметке өзенді сақтап қалудың жолдарын ұсынып жүр. Бірақ әзірге ауыз толтыратын әрекет жоқ деп налиды.

Галина Чернова, эколог:

- Отыз жылдан бері дабыл қағып келеміз. Жайықты сақтап қалу үшін ондаған бет бағдарлама жасаудың қажеті жоқ. Үш қана жоспармен жұмыс жасалу керек. Біріншіден Ресеймен нақты келісім. Оларға су қоймаларын сала беруді азайту керектігін айтып, Батыс өңірге жіберетін судың көлемін бекіту. Екіншіден Атырауда 50‑ден астам өнеркәсіп суды Жайықтан алады. Осыны тоқтату. Үшіншіден тұрмыстың өзінде суды үнемдеу. Міне, осылай ғана Жайықты сақтай аламыз.

Эколог Атырауда суды ең көп тұтынатын өндіріс орындарына шектеу қой керек дейді. Оның ішінде Жылу электр орталығы мен Атырау мұнай және газ өңдеу зауыты да бар.

Жалпы Жайыққа келуі тиіс судың жылдық көлемі 9,46 текше шақырым болса, соңғы жылдары ол екі есе азайып кеткен. Оған қоса облыс аумағындағы Каспий теңізінің деңгейі екі метрге төмендеп, 25-30 шақырымға дейін тартылыпты. Бұған дейін ауыз ашпаған жергілікті атқамінерлер де Жайық экологиялық апаттың аз алдында тұр деп жанайқайын жеткізуде.

Нұрлан Жантоқов, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Жеті бағытта үлкен бағдарламалар жасақталды. Екі комиссия құрылды. Біреуі экологиялық жағдайға байланысты. Екіншісі судың ағысына байланысты. Сондықтан екі жұмыс тобы құрылып ол бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Негізі айта кету керек6 Ресей жағынан ғылыми зерттеу басталып кетті. Ал біздің Қазақстан жағынан әлі басталмай жатыр. Кешігіп жатыр.

Ал экология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламамен жұмыс істелініп жатыр деп ақталды. Тіпті Жайықтың жайы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты кездесу осы жылдың соңында өтеді дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде